13.08.2026ж. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде министрлік басшылығы мен Қытайдың мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған көмекші құралдар мен технологиялар орталығының делегациясы арасында кездесу өтті.
7 тамызда Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығында 2026 жылдың алғашқы алты айындағы жұмыс қорытындысына арналған есеп беру жиыны өтті. Жиында Орталықтың құрылымдық бөлімшелері атқарылған жұмыстардың нәтижелерін таныстырып, жылдық жоспардың орындалу барысы мен екінші жартыжылдыққа белгіленген міндеттерге тоқталды.
Елімізде мүгедектігі бар адамдарды оңалту жүйесін жаңа деңгейге көтеретін алғашқы мемлекеттік жеке ортездер өндірісін іске қосу жоспарлануда. Жобаны іске асырудағы жұмыстарымызбен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Алматы қаласына жұмыс сапары барысында орталығымызға келіп танысты.
Оқыту барысында мамандар ОТҚ-ның техникалық жай-күйін диагностикалау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу, санитариялық-гигиеналық өңдеу, құралдардың қозғалысын есепке алу және мониторингтеу, сондай-ақ пайдаланушыларға сервистік сүйемелдеуді ұйымдастыру мәселелерін меңгерді. Алынған білім кәсіпорынның өндірістік және техникалық базасында ұйымдастырылған практикалық сабақтар барысында бекітілді.
Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығының әдіснамалық сүйемелдеуімен Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен және арнайы жүріп-тұру құралдарымен өтеусіз пайдалану және қайтару шарттарында қамтамасыз етуге бағытталған пилоттық жоба іске қосылады.