ӘҚСД ҰҒО: Қазақстандағы протездік-ортопедиялық көмектің заманауи технологиялары.
Әлеуметтiк қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарамағындағы ұйым болып табылады және әлеуметтік қорғау, оңалту және протездік-ортопедиялық көмекті дамыту саласында маңызды ғылыми-практикалық, сараптамалық және әдістемелік рөлін атқарады.
ӘҚСД ҰҒО қызметінің негізгі бағыттарының бірі – протездеудің заманауи технологияларын енгізу, өндірістік базаны дамыту, протездік-ортопедиялық бұйымдарды жеке таңдау сапасын арттыру және мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту қызметін жетілдіру.
Жұмыста цифрлық және жоғары технологиялық шешімдер қолданылады: 3D-сканерлеу, компьютерлік модельдеу, заманауи материалдар, модульдік жүйелер, микропроцессорлық тізе буындары және жоғарғы қол протездері.
ӘҚСД ҰҒО протездік-ортопедиялық көмек беру департаменті дәрігерлерді, инженерлерді, протезші-техниктерді және оңалту мамандарын біріктіреді. Мұндай көпсалалы тәсіл, бұйымдарды жеке таңдау, өндіріс дәлдігі, сапаны бақылау және пациенттің заманауи протез технологияларына практикалық бейімделуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Осы бағытты дамыту сапалы протездік-ортопедиялық көмектің қолжетімділігін арттыруға, халықаралық технологиялық тәсілдерді енгізуге және Қазақстан Республикасында оналтудың жаңа стандарттарын қалыптастыруға септігін тигізеді.