Ғылым, әдіснама және даму департаменті
Ғылым, әдіснама және даму департаменті 2026 жылы Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығын институционалдық трансформациялау шеңберінде Орталықтың ғылыми, әдіснамалық және талдамалық қызметін қамтамасыз ететін негізгі құрылымдық бөлімше ретінде құрылды.
Департамент құрылымына:
- Әлеуметтік қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер бөлімі;
- Инновацияларды енгізу және әдіснамалық сүйемелдеу бөлімі;
- Әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің кәсіби даму бөлімі кіреді.
Департамент халықты әлеуметтік қорғау саласында ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуді, талдамалық қамтамасыз етуді және инновациялық шешімдерді әзірлеу мен енгізу жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асырады. Қызметінің негізгі бағыттарына ғылыми зерттеулер мен қолданбалы әзірлемелер жүргізу, талдамалық және сараптамалық материалдар дайындау, пилоттық жобалар мен инновациялық бастамаларды сүйемелдеу, сондай-ақ мемлекеттік саясат пен әлеуметтік қызметтер көрсету тетіктерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу жатады.
Департамент Орталықтың ғылыми қызметін дамытуға, ғылыми және білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимылды нығайтуға, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, әлеуметтік қорғау жүйесіне заманауи технологиялар мен озық тәжірибелерді енгізуге ерекше назар аударады.
Қазіргі уақытта департамент әлеуметтік қорғау саласындағы стратегиялық және пилоттық жобаларды ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, ғылыми зерттеулер жүргізуді үйлестіреді, инновациялық тәсілдерді енгізу және әлеуметтік сала қызметкерлерінің кәсіби құзыреттерін дамыту жұмыстарын ұйымдастырады, сондай-ақ Орталықтың сараптамалық, талдамалық және инновациялық әлеуетін арттыруға ықпал етеді.