Жаңалықтар

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың техникалық құралдарымен өтеусіз пайдалану және қайтару шарттарымен қамтамасыз ету бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың техникалық құралдарымен өтеусіз пайдалану және қайтару шарттарымен қамтамасыз ету бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Жоба Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы тарапынан Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар облыстарының әкімдіктерімен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Жаңа сервистік модель оңалтудың техникалық құралдарын олардың өмірлік циклінің барлық кезеңінде сүйемелдеуді көздейді: беру, жөндеу, санитариялық өңдеу, қайтару және қайта беру.

Жөндеу кезеңінде қажеттілік туындаған жағдайда пилоттық жобаға қатысушыға айырбастау қорынан баламалы оңалтудың техникалық құралы беріледі. Бұл оңалту процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Балалар үшін оңалтудың техникалық құралы олардың бойына немесе жеке физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келмеген жағдайда, оны мерзімінен бұрын ауыстыру мүмкіндігі қарастырылған.

Бірінші кезеңде пилоттық жоба кресло-арбалардың барлық түрлері мен жүріс құралдарын қамтиды. Кейіннен бұл тетік оңалтудың техникалық құралдарының басқа да түрлеріне кезең-кезеңімен кеңейтіледі.

Мүгедектігі бар адамдардың пилоттық жобаға қатысуы ерікті негізде жүзеге асырылады.

📍 Пилоттық жоба келесі мекенжайларда іске асырылуда:

* Павлодар қаласы — Н. Назарбаев даңғылы, 42/1;

* Қарағанды қаласы — Р. Люксембург көшесі, 1а;

* Ақтөбе қаласы — Бөкенбай батыр көшесі, 133/1.

Басқа жаңалықтар

Байланыстар

Мекен-жай
050004, Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 65
Телефон
E-mail
Жұмыс тәртібі
Дс. – Жм.: 8:00 ден 17:00 дейін

Біз әлеуметтік желілерде