Жобаның негізгі бағыттарының бірі – үй жағдайында жеке оңалту жаттығуларын өткізу. Жаттығуларды ата-аналар ӘҚСД ҰҒО мамандары әзірлеген бағдарламалар мен жаттығулар кешендері негізінде инновациялық техникалық оңалту құралдарын пайдалана отырып орындайды. Мұндай формат баланың өзіне таныс үй жағдайында оңалту үдерісінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді, қимыл-қозғалыс, қарым-қатынас және тұрмыстық дағдыларын дамытуға ықпал етеді, сондай-ақ отбасының оңалту үдерісіне белсенді қатысу деңгейін арттырады. Жобаның барлық кезеңінде ӘҚСД ҰҒО мамандары отбасыларға ұйымдастырушылық-әдістемелік және консультативтік сүйемелдеуді жүзеге асырады
Бақылау нәтижелері мен ата-аналардың кері байланысын талдау негізінде оң динамика байқалады. Атап айтқанда, балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігі артып, өз бетінше әрекет ету деңгейі жоғарылаған, жаңа функционалдық дағдылар қалыптасқан және күнделікті өмірге бейімделуі жақсарған. Үй жағдайында өткізілетін жаттығулар оңалту іс-шараларының тиімділігін арттыруға және қол жеткізілген нәтижелерді бекітуге ықпал етеді.
Жоба аясындағы жұмыстар жалғасуда және заманауи оңалту технологияларын қолдану, сондай-ақ ата-аналардың үй жағдайында оңалту іс-шараларын жүргізу жөніндегі құзыреттерін дамыту арқылы мүгедектігі бар балаларға көрсетілетін кешенді оңалтудың қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған.