Жаңалықтар

2026 ж. 9–12 маусым аралығында Астана қ. «DOS ORTOPEDIA» ЖШС базасында оңалтудың техникалық құралдарымен (ОТҚ) қамтамасыз етудің қайтарымды моделін енгізу жөніндегі пилоттық жоба аясында ӘҚСД ҰҒО филиалдарындағы техник-мамандарға арналған оқыту өткізілді

2026 ж. 9–12 маусым аралығында Астана қ. «DOS ORTOPEDIA» ЖШС базасында оңалтудың техникалық құралдарымен (ОТҚ) қамтамасыз етудің қайтарымды моделін енгізу жөніндегі пилоттық жоба аясында ӘҚСД ҰҒО филиалдарындағы техник-мамандарға арналған оқыту өткізілді

Оқыту барысында мамандар ОТҚ-ның техникалық жай-күйін диагностикалау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу, санитариялық-гигиеналық өңдеу, құралдардың қозғалысын есепке алу және мониторингтеу, сондай-ақ пайдаланушыларға сервистік сүйемелдеуді ұйымдастыру мәселелерін меңгерді. Алынған білім кәсіпорынның өндірістік және техникалық базасында ұйымдастырылған практикалық сабақтар барысында бекітілді.

Пилоттық жобаны іске асыруға белсенді қатысқаны, оқытуды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және кәсіби тәжірибесімен бөлісуге дайын болғаны үшін «DOS ORTOPEDIA» ЖШС ұжымына шынайы алғысымызды білдіреміз.

Жобаға көрсетілген практикалық қолдаудың маңызы ерекше. Ынтымақтастық аясында «DOS ORTOPEDIA» ЖШС ОТҚ қорына 39 бірлік жүріп-тұру құралдарын – кресло-арбалар мен жетек-арбаларды (ходунки) өтеусіз негізде тапсырды. Бұл қолдау жалға беру пункттерінің мүмкіндіктерін кеңейтуге және пилоттық өңірлердегі мүгедектігі бар адамдар үшін оңалтудың техникалық құралдарының қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Пилоттық жобаны іске қосуға дайындық кезеңінің өзінде әлеуметтік саладағы тиімді шешімдер мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам күш-жігерінің бірігуі арқылы жүзеге асатыны іс жүзінде дәлелденуде.

Бұл әлеуметтік әріптестік үлгісі осындай бастамалардың одан әрі дамуына және мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жобаларды қолдауға дайын қатысушылар қатарын кеңейтуге ықпал етеді деп сенеміз.

 

Материалдың фотосуреттері:

Басқа жаңалықтар

Байланыстар

Мекен-жай
050004, Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 65
Телефон
E-mail
Жұмыс тәртібі
Дс. – Жм.: 8:00 ден 17:00 дейін

Біз әлеуметтік желілерде