ӘҚСД ҰҒО бас директоры бос лауазымына конкурс

ӘҚСД ҰҒО бас директоры бос лауазымына конкурс

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры бос лауазымына конкурс жариялайды.

Конкурс өткізу орны мен күні:
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 6-кіреберіс, анықтама үшін телефон: +7 (717) 274-33-45.

Кәсіпорынның орналасқан жері:
050004, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 65.

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
протездік-ортопедиялық және есту протездеу көмегін көрсету саласында қызметті жүзеге асыру. Протездік-ортопедиялық қызметтер және сурдологиялық көмек көрсету бойынша мамандандырылған медициналық-техникалық көмекті ұйымдастыру және жүргізу, оның ішінде әлеуметтік оңалтудың жаңа құралдарын енгізу, ғылыми-зерттеу және әдіснамалық жұмысты дамыту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау саласында инновациялық технологиялар мен жобаларды енгізу.

Конкурсқа қатысушылар келесі біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс:

  • Кәсіпорын қызметінің бейініне сәйкес жоғары кәсіптік білімі (медициналық, арнайы-педагогикалық), басшылық лауазымдарында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар адам тағайындалады. «Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі» дәрежесінің немесе басқару (менеджмент) саласында қосымша білімінің болуы;
  • мемлекеттік кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;
  • бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасамаған болуы.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар тұлғалар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

 

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  • Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларының (Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген) қосымшасына сәйкес тізілімнің веб-порталында ресімделген және ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • қазақ және орыс тілдерінде түйіндеме.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, еңбек өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады (біліктілікті арттыру туралы құжаттардың, ғылыми дәрежелер мен атақтардың берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнындағы басшылықтың ұсынымдары).

  •  

Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде келесі мекенжай бойынша ұсынылуы тиіс:

010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 6-кіреберіс, анықтама үшін телефон: +7 (717) 274-33-45.

       Конкурсқа жіберілген кандидаттар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде әңгімелесуден өтеді.

Байланыстар

Мекен-жай
050004, Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 65
Телефон
E-mail
Жұмыс тәртібі
Дс. – Жм.: 8:00 ден 17:00 дейін

Біз әлеуметтік желілерде