Құрметті әріптестер, қадірлі достар!
Сіздерді көктемгі жаңару мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Бірлік пен ынтымақтың символына айналған бұл ежелгі мереке биыл біздің қоғам үшін ерекше маңызға ие. Біз көктемді маңызды жаңғырулар кезеңінде қарсы алып отырмыз. Жаңартылған Конституция мен қабылданған мемлекеттік реформалар Орталығымыздың жұмысының өзегі болып табылатын құндылық – әлеуметтік әділеттіліктің берік іргетасын қалады.
Әлеуметтік қорғау жүйесі үшін Наурыз – жай ғана күнтізбелік күн емес, бұл біздің басты миссиямыз: мұқтаж жандарға қамқорлық, мейірімділік пен қолдау көрсету туралы еске салу. Орталығымыздың ғылыми әлеуеті мен әрқайсыңыздың күнделікті еңбегіңіз әрбір азамат өзін қорғалған әрі ертеңгі күнге сенімді сезінетін инклюзивті қоғамды дамытуға баға жетпес үлес қосуда.
Осы нұрлы мереке шаңырақтарыңызға құт-береке мен амандық әкелсін! Сіздерге мықты денсаулық, жаңа кәсіби белестерді бағындыруға сарқылмас қуат және Қазақстан халқының игілігі жолындағы ортақ жұмысымызда табыс тілеймін.
Жаңа жыл жасампаздық пен өркендеу жылы болсын!
Әз-Наурыз құтты болсын!
Құрметпен,
ӘҚСДҰҒО Бас директорының м.а.
Нұрлан Шағиров