Бүгін Алматы қаласындағы №37 қалалық емхана базасында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру және әдіснама департаментінің директоры (Дюсенов А.К.), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығының бас директоры (Нәси С.Қ.) мен бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары (Бримжанова М.Д.), сондай-ақ Алматы қаласындағы бес медициналық ұйымның басшылары мен тиісті бағытқа жетекшілік ететін орынбасарларының қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында адамның техникалық оңалту құралдарына жеке қажеттілігін айқындау тәсілдерін жетілдірудің өзекті мәселелері, медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының, дәрігерлік-консультациялық комиссиялардың және медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесінің өзара іс-қимылының практикалық аспектілері талқыланды.
Қатысушылар қолданыстағы ұйымдастырушылық және практикалық мәселелерді қарастырып, сараптамалық пікірлерімен бөлісті, сондай-ақ адамның жеке функционалдық қажеттіліктерін ескере отырып, қолданыстағы тетікті жетілдірудің ықтимал тәсілдерін талқылады.
Ведомствоаралық және пәнаралық өзара іс-қимылға, сондай-ақ ұсынылып отырған тәсілдерді сараптамалық талқылауға практик-мамандардың қатысуына ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен жұмыстың алдағы бағыттары және денсаулық сақтау мен әлеуметтік қорғау жүйелерінің мамандары арасындағы өзара іс-қимыл тетіктері айқындалды.