Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығының Бас директоры Нәси Сырым Қажымұратұлы «Шалқар радиосындағы» «Бүгінгі сөз» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты.
Эфир барысында әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру, оңалту қызметтерін дамыту және мүгедектігі бар адамдарды қолдаудың жаңа тәсілдерін енгізу мәселелері қаралды.
Азаматтардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып әлеуметтік қолдау көрсету, техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау саласындағы пилоттық жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар сұхбат барысында Ұлттық ғылыми орталықтың саланы ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу, оңалтудың заманауи тәсілдерін дамыту және әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған практикалық шешімдерді енгізу бойынша атқарып жатқан жұмыстары таныстырылды.
Эфирге қатысу жүргізіліп жатқан жұмыстарды түсіндіруге және қоғамды әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары туралы ақпараттандыруға мүмкіндік берді.