Жаңалықтар

2023 жылғы 07-22 тамыз, балаларды КИ кейін тәулік бойы есту-сөйлеу оңалтудың нәтижелері

2023 жылғы 07-22 тамыз, балаларды КИ кейін тәулік бойы есту-сөйлеу оңалтудың нәтижелері

«Altyn Kargaly» отель-санаторий КИ балаларды тәулік бойы есту-сөйлеу оңалтудың бейімдеудің үшінші маусымы аяқталды.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығының» қызметкерлері және шақырылған мамандар – сурдопедагогтар, логопедтер, психологтар балалармен бейімдеу сабақтарын өткізді. 15 күн бойы бойы балаларды оңалту бағдарламасына сәйкес, әр баланың пайда болатын есту және сөйлеу функцияларына негізделген жеке қабілеттерін дамытуға барынша жағдай жасады.

Есту-сөйлеу оңалтудың кезінде мұғалімдер әртүрлі іс-шараларды жүргізді:

  • шағын топтардағы музыкалық-ритмикалық сабақтар (жас санаттары бойынша) – «Музыкалық үзіліс», «Онда кім тығылып жатыр?», «Менен кейін қайтала!», «Бұл не естіледі?» ойындары, балалар билері;
  • кохлеарлы имплантанттың сурдопедагогі Тутова Айгерім Нұржанқызы «Ата-аналар мектебін» өткізді және ата-аналардың барша өзекті мәселелері бойынша сұрақтарына жауап берді.
  • «Қолөнер көрмесі» сайысы. Ата-аналар мен балалар қарапайым күнделікті заттардан ағаш бұтақтарын, қарағай шыршаларын, қораптарды, түрлі-түсті қағазды, жапырақтарды және т.б. пайдалана отырып, ерекше қолөнер жасады;
  • психологтар Абубакирова К.В., Жаппасбаев А.А., Рахманова А.И., Елемесова А.И. ата-аналарға «Ата-аналарға психоэмоционалды жеңілдік» тақырыбында, психологиялық тренинг өткізді.
  • Көк-Төбе саябағына экскурсия өткізді;
  • Балалар мен мамандардың қатысуымен «Мақта қыз» ертегісі қойылып, олар өздерінің киімдерін тікті.

Тәулік бойы есту-сөйлеу оңалтудың 3-ші маусымының жабылуына балалар үшін – аквагримерлермен, аниматорлар мамандары шақырылды.

 

 

Материалдың фотосуреттері:

Басқа жаңалықтар

Байланыстар

Мекен-жай
050004, Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 65
Телефон
E-mail
Жұмыс тәртібі
Дс. – Жм.: 8:00 ден 17:00 дейін

Біз әлеуметтік желілерде