Жаңалықтар

Алматы хайуанаттар бағы қонақтарды - тәулік бойы есту-сөйлеу бейімделуден өтетін, кохлеарлы имплантанттары бар балаларды қабылдады

Алматы хайуанаттар бағы қонақтарды - тәулік бойы есту-сөйлеу бейімделуден өтетін, кохлеарлы имплантанттары бар балаларды қабылдады

КИ бар балалардың және олардың ата-аналарының Алматыда болған кездегі бос уақытын әртараптандыру мақсатында, бұл шараны есту-сөйлеу оңалтудың меңгерушісі А.М.Саякова ұйымдастырды.

Алматы хайуанаттар бағы – Қазақстандағы ең ірілерінің бірі және серуендеуге және сапалы уақыт өткізуге тамаша орын. Үлкендердің жабайы аңдар туралы қызықты әңгімесі және флора мен фаунаның өкілдерін өз көздерімен көру балаларға үлкен қуаныш сыйлады. Сонымен қатар, экскурсия барысында біздің мұғалімдер балалардың сөздік қорын байытуға тырысты, олардың алдында тірі көрнекі мысал - маймылдар, пілдер, жирафтар және түрлі-түсті қауырсындары бар ерекше құстар, планетаның әртүрлі бөліктеріндегі жабайы табиғат өкілдері.

Хайуанаттар бағына экскурсия бірнеше сағатқа созылып, барлығына үлкен рахат сыйлады. Балалар да, үлкендер де «Altyn Kargaly» санаторийне тамаша көңіл-күйде оралып, ұзақ уақыт бойы тәрбиелік мәні зор серуеннен алған әсерлерімен бөлісті.

Басқа жаңалықтар

Байланыстар

Мекен-жай
050004, Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 65
Телефон
E-mail
Жұмыс тәртібі
Дс. – Жм.: 8:00 ден 17:00 дейін

Біз әлеуметтік желілерде