2014 жылдың 23 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес «Республикалық есту қабілетін түзету орталығы» РМҚК және «Республикалық экспериментті протездеу орталығы» РМҚК Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-тәжірибелік орталығы» РМҚК болып біріктірілді. 2017 жылдың 18 ақпанында мекеме ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-тәжірибелік орталығы» РМҚК атауына өзегртілді. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-тәжірибелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 397 Қаулысына сәйкес, кәсіпорын атауы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-тәжірибелік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын болып өзгертілді.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының атауын өзгерту туралы 2023 жылғы 6 қазандағы №431 Қазақстан республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны атауына өзгертілді.
Осылайша, «ӘҚСД ҰҒО» ШЖҚ РМК кохлеарлы имплантанттары бар балалардың есту және сөйлеу қабілеттерін дамыту жүктелген, жауапты және күрделі шешімдер қабылдайтын, бірінші мемлекеттік құрылым болды. Мұндай мекемеге қажеттілік, 2007 жылдан бастап елімізде кохлеарлы имплантация жасау мүмкіндігінің пайда болуына байланысты туындады.
Мекемеміз есту аппаратына имплантант орнатылған балаларды әлеуметтік ортада бейімдеуге байланысты, жоғары және төмен аяқ-қолдарды протездеуге арналған өзекті мәселелерді шешеді. Атап айтқанда, есту аппаратына тән басты сырқат түрлерін анықтау, емдеу және алдын алу, жаңа инновациялық технологиялар базасында қол-аяқты протездеу мәселелерімен шұғылданады.
Мекеме мамандары Қазақстанда алғаш болып есту және сөйлеу қабілеттері тежелген балаларға арнайы сауықтыру бағдарламасын құрастырды. Бұл әдіс медицина, сурдопедагогика және әлеуметтік бейімделу ережелерінің жиынтығы негізінде дайындалған.
Біздің кәсіпорын шетелдік әріптестермен тұрақты байланыс арнасын орнатқан. Мамандарымыздың біліктілігін арттыру мақсатында орталығымызға алыс және жақын шет елдерден білікті ғалымдар келіп, тәжірибе бөлісуде. Сонымен қатар, қызметкерлеріміз тұрақты түрде Ресеуге, Германия мемлекетіне біліктілік арттыруға барып тұрады. Алған білімдерін Орталықта тәжірибеде қолданады.
Орталық және құрылымдық бөлімшелер барлық қажетті аппараттармен жабдықталған. Соңғы жылдары заман талабына сай техника сатып алуға 150 млн тенге жұмсалған, бұл жұмысымызды жоғары деңгейде орындаудың кепілі.
Кәсіпорын жоғары білікті мамандар ұжымынан құралған. Біріншіден, бұл протезші-дәрігерлер аяқ-қолдары зақымданған адамдарға сапалы медициналық көмек көрсететін мамандар, екіншіден, сурдолог, сурдопедагог, ЛОР-дәрігер, логопед, психолог, массаж жасауды жүзеге асыратын қызметкерлер. Біріге келе, мұның барлығы жұмысымызды баянды да сапалы атқарылуы.Протездік-ортопедиялық көмек көрсету бойынша республикамыздың барлық өңірлерінде мүмкіндігі шектеулі жандарға жоғарғы және төменгі аяқ-қолдарын протездеуге көмек жасаймыз. Орталығымызда жыл сайын 170-тен астам протездер жаңа технологиялар арқылы дайындалады.