2025 жылғы 27 қазанда халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде ерте қолдау қызметтері бойынша мамандарды оқыту басталды.
Заманауи әлеуметтік қорғау жүйесі мамандардан тек кәсіби білімнің болуын ғана емес, сонымен қатар инклюзия қағидаттарын терең түсінуді – балалардың мүгедектігіне қарамастан дамуы үшін тең жағдай жасауды талап етеді. Бұл тренинг ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтiк қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы ерте қолдау көрсету бойынша халықаралық сарапшының қатысуымен ұйымдастырған, «Мүмкіндіктер уақыты» жобасының бөлігі болып табылады. Бұл көмектің сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.