Басып шығару

Алғыс білдіру

Алғыс хат

         Біз жазғы реабилетацияда 25 шілде мен 9 тамыз арасында болдық. Алматы қаласында «Алтын қарағайлы» демалыс шипажайында оңалту сабақтары өтті. Ерекше алғыс білдіруді жөн санаймын. Сурдопедагог маман Қаһарманқызы Гүлназға шығармашылық табыс тілейміз. Баламен тіл табысуы, жұмыс барысында жанашылдыққа бет бұруы, әсерлі қызықты сабақтары үшін үлкен рахмет. Келесі жылы ол кісіне оңалту сабағынан көргіміз келеді.

         Барлық ұжымға үлкен рахмет

         Ата– ана Мумогузова М.Т

Басып шығару

Мадақтама

Құрметті Ұстаздар тобы!

25.07.2017–08.08.2017 аралығында өткізген оңалту жұмыстарын ұйымдастыру іс- шарасында атқарған еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Сіздерге жанұяда бақыт, қажымас қайрат, еліміздің өскелең ұрпағын лайықты тәрбиелеу үшін асқан шыдамдылық пен қажырлы еңбектеріңізге табыс тілейміз.

         Ата– аналар тобы      

Басып шығару

Алғыс хат

Алғыс хат

         25 шілдеден – 8 тамыз аралығында демалған ата­– аналар атынан «Алтын қарғалы» демалыс орнына және бізге қамқоршы болған жетекшілерімізге Салтанат Мейрамбековна, Анжела Мурзагалиевна, Анна Юрьевна, Айгүл Рамазановна, Қымбат Ахмтовна,  Гүлназ, Татьяна, Ольга, Адина мұғалімдерімізге шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Біздің жазғы демалысымызды көрікті де көркемді әсерлі, балаларға деген көзқарастарының кереметтілігі мен тәтті етті. Қызықты ойындар өткізілді (квест, спорттық жарыс байқаулар, сурет көрмесі) жан- жақтан цирк әртістері шақырылды.Оңалту сабақтарыжоғарғы деңгейде өтті. Пайдалы кеңестер берілді, балалармен қатар өзімізде үлкен әсер, үлкен сабақ, керемет көңіл күй алып қайттық. Осы деңгейдегі демалысымызға ат салысқан жандарға үлкен алғысымызды білдіреміз.

         Ата­– аналар