Басып шығару

«ӘОД ҒПО» мамандары Астана қаласында сөйлеу процессорларын баптау жұмыстарын жүргізді

«ӘОД ҒПО» мамандары Астана қаласында

сөйлеу процессорларын баптау жұмыстарын жүргізді

«Әлеуметтік оңалтуды дамыту ғылыми-практикалық орталығы» мамандары Астана қалалық бөлімшесінде кохлеарлы имплантаттары бар мүгедек балаларға сөйлеу процессорларын баптау жұмыстарын өткізді.sss

Мұндай аса жауапты жұмысты атқару, есту және сөйлеу қабілеті нашарлаған жанға сөйлеу процессорлары мен оның жинақтаушы бұйымдарының қызмет сапасын арттырары айдан анық. Бұл өз кезегінде, кохлеарлы имплантанттары бар мүгедек балалардың күнделікті өмірінде және білім алу үдерісіндегі таптырмас маңызды мәселе болып отыр. Екі күнге созылған шарада мамандарымыздың көмегіне 20-дан астам мұқтаж жандар жүгінген. Айта кетерлігі, есту аппараттарын баптау үдерісіне техникалық тұрғыдан қызмет көрсетумен қатар, есту бұзылысын

Басып шығару

Еліміздің бақытын тербеткен Тәуелсіздік күнімен! Құрметті әріптестер және web-порталымыздың қадірменді қонақтары!

4 abc48428

Тәуелсіздік – халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі. Тәуелсіздік – халықтың тойы, елдің тойы. Қалың қазақ, алты алаш туған күн, мерейтой.

Еліміз алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілген осынау, бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілейміз.

Қымбатты достар, Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, сәтті күндер, зор жетістіктер тілеп, еліміздің ертеңі жолындағы еңбектеріңіз жана берсін дегіміз келеді!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болғай, ағайын!

Ізгі ниетпен,

ҚР ЕХӘҚМ «Әлеуметтік оңалтуды дамыту

ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК

Басып шығару

Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесу

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік Күні мерекесі қарсаңында «Әлеуметтік оңалтуды дамыту ғылыми-практикалық орталығында» 1986 жылғыЖелтоқсан оқиғасына қатысушылар, домбырашы, шебер қобызшы, жырау, композитор Жетес Жәмеков және Дінмұхамед Қартықпенсалтанатты кездесу өтті.Мәнді де маңызды кездесу басында қонақтар сол кездегі, яғни, 1986 жылғы өрімдей 20 жастағы ұл қыздар аязды қыста студенттік митингке шыққандары туралы еске алып, тарихи және тәрбиелік маңызы зор әңгіме тарқатты.

Басып шығару

Әлеуметтік оңалтуды дамыту ғылыми-практикалық орталығы халықаралық қарым-қатынастарды нығайтуда

IMG 20171206 WA0002Кемтар жандардың ем алуына барынша жағдай жасап, мүгедек адамдарға жаңа үлгіде жасанды қол-аяқ мүшелерін дайындау, Әлеуметтік оңалтуды дамыту ғылыми-практикалық орталығының басты әлеуметтік бағыттарының бірі болып табылады.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету еліміздегі әлеуметтік-медициналық көмек ретінде қолға алынған. Бұл істе медициналық мекемелер, әлеуметтік жәрдем беру мекемелері тарапынан көптеген шаруалар атқарылуда. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету мақсатында, Орталығымыз игі шаралар жасауда, мекеме басшылығы республика бойынша жарымжан адамдарға жан-жақты медициналық және әлеуметтік оңалту бағыты бойынша көмек беруде. Протезші-дәрігерлер мен ортопед мамандар қызметі, мүмкіндігі шектеулі жандарға диагностикалық, ультрадыбыстық, электрокардиографиялық зерттеулер негізінде жүргізіледі. Бұл шаралар, Мүгедектердi протездiк-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету қағидалары негізінде ұйымдастырылуда.