Басып шығару

Есту қабілеті бұзылған балаларды кохлеарлық имплантациядан кейін “Алтын Қарғалы” отель-шипажайы базасында тәулік бойғы бақылау жағдайында есту-сөйлеу бойынша оңалту

Есту қабілеті бұзылған балаларға кохлеарлық имплантациядан кейін есту-сөйлеу бойынша оңалту жүргізу ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минстрлігінің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Аталмыш жұмыс ҚР ЕХӘҚМ-ң «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК-на (бұдан әрі- «ӘОД ҒПО» РМҚК) жүктелген, ол ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің оңалту іс-шараларын жүргізуге мемлекеттік тапсырысын орындайды. Жылына барлығы 250 қазақстандық бала есту-сөйлеу бойынша оңалтудан өтеді, олардың 150-і күндізгі бақылау жағдайында, ал 100-і тәулік бойғы бақылау жағдайында оңалтылады.

Есту-сөйлеу бойынша оңалту кохлеарлық имплант жүйесі бар балаларды КИ көмегімен қабылданатын есту мүмкіндіктерінің базасында жаңа есту әсерлерін қалыптастыруды қамтамасыз ету, сөздік емес және сөздік стимулдарды естіп қабылдауда шартты қозғалыс реакциясын қолдау мақсатында жүзеге асырылады.

Әрине, есту-сөйлеу бойынша оңалтудың басты мақсаты – кохлеарлық имплантты балаларға оларды максималды түрде қоғамға бейімдеу және әлеуметтендіру үшін жоғарыкәсіби және уақытылы түзету және медициналық-психологиялық-педагогикалық көмек көрсету болып табылады.

Есту-сөйлеу бойынша оңалтуға алыс-жақын шет елде білім алған жоғарыбілікті мамандар қатысады. Кохлеарлық имплант жүйесі бар балаларды есту-сөйлеу бойынша оңалтуға «ӘОД ҒПО» РМҚК мамандарымен қатар өңірлердің де кохлеарлық имплантация бойынша отадан кейінгі балалармен жұмыс істеуде іскерлік және ғылыми тәжірибелері мол мамандары атсалысады.

Осылайша демалыс кезінде Алматы қ. “Алтын Қарғалы” отель-шипажайы базасында Қазақстанның барлық өңірлерінен 100 бала тәулік бойғы бақылау жағдайында есту-сөйлеу бойынша оңалтудан өтті.  

 

«Алтын-Карғалы»