Басып шығару

«3D-протездеу технологиясы» тақырыбындағы дөңгелек үстел

2017 жылдың 17 қарашасында Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәжіліс залында, «3D-протездеу технологиясы» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Жиынға «Әлеуметтік оңалтуды дамыту ғылыми-әдістемелік орталық» РМҚК директорының орынбасары М. Шугаепов, Алматы қаласы бойынша  еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Департаменті директорының орынбасары М. Алдамжарова және басқарманың ардагерлер мен мүгедектермен жұмыс бөлімінің бөлім басшысы Л. Абжанова, Алматы қаласы емханаларының травматологтары мен ортопед мамандары және протезді қажет ететін мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты.

Дөңгелек үстелде 3D-протездеу технологиясының қыры мен қазіргі таңдағы мәні туралы айтылды. Аталмыш протездеу технологиясы туралы жан-жақты зерттеліп, адамға жоғарғы деңгейде қызмет көрсете алатындығы туралы дәлелді мысалдармен талқыланды

Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

                            

Басып шығару

Астанада «3D-протездеу технологиялары» атты шара өтті

Астана қаласы жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасында бүгін «3D-протездеу технологиялары» тақырыбына арналған шара өтті деп хабарлайды Абай ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында келушілер назарына 3D-протездеу технологиясы туралы бейнеролик көрсетіліп, жаңа әдістің мүмкіншіліктері мен ерекшеліктері егжей-тегжейлі түсіндірілді. Шараға медициналы-әлеуметтік сараптама мамандары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, протезге мұқтаж мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты.

Басып шығару

Астаналықтар аяқ-қолды протездеудің жаңа әдісімен танысты

Астана қаласы жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасында бүгін «3D-протездеу технологиялары» тақырыбына арналған шара өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің медиа орталығы хабарлайды. Кездесу барысында келушілер назарына 3D-протездеу технологиясы туралы бейнеролик көрсетіліп, жаңа әдістің мүмкіншіліктері мен ерекшеліктері егжей-тегжейлі түсіндірілді. Шараға медициналы-әлеуметтік сараптама мамандары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, протезге мұқтаж мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты.

Басып шығару

«ӘОД ҒПО» ұжымы мерекелік концерт ұйымдастырды

29 қарашада Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне орай «Әлеуметтік оңалтуды дамыту ғылыми-практикалық орталығында» мерекелік концерт ұйымдастырылды. Думанды шара барысында көрермендерге Н. Назарбаевтың өз отандастарының қазіргі және болашақ ұрпағының алдындағы барлық жауапкершілікті сезіне, біле атқарып отырған қызметі жайында арнайы дайындалған бейнероликтер және слайдтар көрсетілді.

Басып шығару

Мейірімді мамандық иелері

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні – респуб­ликамыздағы ең жас кәсіби мерекелердің бірі, ол қазан айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі.

akshami

ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК директоры Талғат Нұғұ­ма­нов ерен еңбектері және әлеу­меттік жүйенің дамуына қосқан үлестері үшін, мекемеміздің қызметкерлеріне алғысын біл­діріп, Қазақстан Респуб­ликасы Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрі атынан арнайы грамоталарды тапсырды.

 

Осы орайда Әлеуметтік жүйе қызметкерлерінің кәсіби мерекесі құрметіне ҚР ЕХӘҚМ «Әлеу­меттік оңалтуды дамытудың

 

Диагностика және есту бойынша протездеу бөлімінің меңгерушісі – Гүлбахар Аман­жол­қызы Пулатоваға, Ғылыми-технологиялық басқармасының технологиялық бөлімінің жетек­шісі – Мұратбек Мұхамедияұлы Ищановқа және де Ғылыми-ұйымдастырушылық бөлімнің жетекшісі – Анжела Мырзағали­қызы Саяковаға алғыс айтылып, грамоталар табыс етілді.