Басып шығару

«Есту қабілетінің зақымдалуын диагностикалау және есту мүкістігі бар науқастарды оңалтуға бағытталған инновациялық технологиялар» мерейтойлық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

     Ағымдағы жылдың 18-19 қазан күндері Мәскеу қаласында орналасқан «Золотое Кольцо» қонақ үйінде, Ресей ФМБА «Аудиология және есту протезін қолдану бойынша ресейлік ғылыми-клиникалық орталығының» 30-жылдығына арналған «Есту қабілетінің зақымдалуын диагностикалау және есту мүкістігі бар науқастарды оңалтуға бағытталған инновациялық технологиялары» атты мерейтойлық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Басып шығару

2018 ЖЫЛҒЫ ТӘУЛІКТІК ОҢАЛТУ ШАРАСЫНЫҢ БЕСІНШІ КЕЗЕҢІНІҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ

         2018 жылдың 20 тамызы күні, «Altyn Kargaly» шипажайында кохлеарлы имплант жүйесі орнатылған балаларды тәулік бойы оңалту жұмыстары аяқталды. ҚР ЕХӘҚМ «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-тәжірибелік орталығы» мамандарының бақылауында болған, КИ жүйесі орнатылған балалар, салтанатты шараға арнайы шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

         Бейімдеу жұмыстары жекелей оңалту бағдарламасы аясында және де шет ел мамандарының қатысуымен өтті. «ӘОД ҒТО» тәуліктік оңалту бағдарламасының жоспарына сурдопедагог, логопед, дефектолог, психолог мамандардың балалармен жекелей және топтық оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуі, зияткерлік қабілетті дамытуға бағытталған ойындар, спорттық шаралар және де күнделікті таңертеңгі жаттығулар кірді.

         Мәні мен мағынасы жағынан балалардың сөйлеу және дыбыстарды қабылдау қабілеттерін дамытуға арналған әр түрлі жаттығулар арқылы, «ӘОД ҒТО» мамандары олардың табиғи қабілеттерін ашуға барлық күш-жігерлерін салған болатын. Бұл арқылы балалардың психикалық дамуын, сөздік қорын ұлғайту көзделді.

         Тәуліктік оңалту жұмыстарының салтанатты жабылу күні, 15 тәулік бойы бірге болып, бірге бейімделуден өткен КИ жүйесі орнатылған балалар және олардың ата-аналары Орталық мамандарына өздерінің алғыстарын білдіріп, кішігірім концерт ұйымдастырды.

         Шара соңында «ӘОД ҒТО» әкімшілігі атынан оңалту жұмыстарына қатысып, еңбек еткен педагог мамандарға куәліктер тапсырылып, балаларға естелік ретінде грамоталар ұсынылды.

Ал біз өз кезегімізде, Орталығымыздың мамандарына КИ жүйесі орнатылған балаларды бейімдеу курстарынан өткізіп, кәсіби шеберлік, педагогикалық дарын, қажырлы еңбек еткендері үшін зор алғысымызды білдеріміз.

«ӘОД ҒТО» ШЖҚ РМК

Баспасөз қызметі

IMG 20180822 WA0012

IMG 20180822 WA0015

IMG 20180822 WA0021

Басып шығару

Балаларды оңалтудың бесіңші кезеңі ашылды

     7 тамыз күні «Altyn Kargaly» шипажайында Әлеуметтік оңалту орталығы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің қолдауымен есту қабілеті нашар және де кохлеарлы имплант жүйесі орнатылған 1-17 жас аралығындағы балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу қызметінің бесіңші кезеңі өз жұмысын бастады.
     Салтанатты шараға «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-тәжірибелік орталығы» ШЖҚ РМК Бас директорының орынбасары Салтанат Смайлова қатысып, Орталық мамандарын, өз әріптестерін және ата-аналар мен балаларғы сәттілік тіледі.
     Кішігірім концерттік бағдарлама аясында, осынау әлеуметтік маңызы бар шараны ұйымдастыруға еңбек сіңіріп жүрген Орталығымыздың ғылыми ұйымдастыру бөлімінің басшысы Анжела Саякова бастаған бір топ мамандар, жиынға жиналған ата-аналар мен балаларға тайынбай еңбек етуге уәде берді.
     Оңалту шарасына еліміздің түкпір-түкпірінен 34 балғын қатысуда. Ерекше балаларға кешенді көмек беру мақсатында Орталағымыздың басқа қалалардағы бөлімшелерінен логопед, сурдопедагог, психолог, әлеуметтік педагог мамандар шақыртылды. Орталық мамандары балаларға медициналық және емдік көмек берумен қатар, ойын бөлмелерінде арнайы жаттығулар өткізу және оңалту құралдары арқылы жеткіншектердің қоршаған орта дыбыстарын есту және сөйлеу қабілеттерін түзету жұмыстарын жүргізуде. Арнайы жолдама арқылы мұнда келген балғындарға және олардың ата-аналарына жайлы бөлмелер қарастырылған.
     Оңалту шарасы тамыздың 22 күніне дейін жалғасады.

«ӘОД ҒТО» ШЖҚ РМК
Баспасөз қызметі

DSC 0109

DSC 0110

DSC 0115

DSC 0116

Басып шығару

Кохлеарлы имплант жүйесі орнатылған балаларды тәуліктік бейімдеу қызметінің төртінші кезеңі өз мәресіне жетті

Шілденің 23 күні, «Altyn Kargaly» шипажайында кохлеарлы имплант жүйесі орнатылған, есту және сөйлеу қабілетінде кемістігі балаларды әлеуметтік бейімдеуден өткізу жұмыстарының төртінші кезеңінің салтанатты жабылуы болды.
Шара барысында оңалтуға қатысқан мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы кохлеарлы имплант жүйесін пайдаланушы балалар, залға жиналған ата-аналар және де Орталықтың педагог мамандарына ән-би және де көңіл көтерерлік қойылымдар арқылы өз өнерлерін паш етті.
Әлеуметтік оңалту орталығы Бас директорының орынбасары Салтанат Смайлова ата-аналардың және де Орталық ұстаздарының тынымсыз атқарған қажырлы еңбектеріне өз алғысын білдіріп, жас бүлдіршіндердің болашақта ел қатарлы тәрбиелі азамат болып, әлеуметтік өмірге араласып, білімді де жарқын болып өсулеріне тілектес екендігін айтты.
Орталығымыздың ғылыми-ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі, тәуліктік оңалту шарасын ұйымдастыруға зор үлес қосып, оның ойдағыдай өтуіне бас-көз болған Анжела Саякова сурдопедагог, логопед, психолог, әлеуметтік педагог, Орталық бөлімшелерінің қызметкерлерін және де ата-аналарды, қиыншылықтарға қарамастан мойымай, әрі қарай еңбек етуге шақырды және де Әлеуметтік оңалту орталығы мамандарының мүгедек балаларға жан-жақты көмек беру ісін одан әрі жалғастыратындарына сенім білдірді.
Іс-шара соңында, Орталық әкімшілігі оңалту шарасын өткізуге қатысқан мамандарға алғыс хаттар беріп, тәуліктік бейімдеуден өткен балаларға алғыс хаттар мен ойыншықтарды сыйға тарту етті.

«ӘОД ҒТО»
Баспасөз қызметі

DSC 0104

DSC 0111

DSC 0108

DSC 0113

DSC 0114

DSC 0118

DSC 0128

DSC 0152