Басып шығару

Қолданыста болған сөйлеу процессорларын беру Резервтік қоры

Резервтік қор туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің келісімі бойынша және Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2017 жылғы 28 сәуірдегі №103 бұйрығына сәйкес ӘОД ҒПО базасында қолданыста болған сөйлеу процессорларын алдын-ала жүргізілген тексеру мен санитарлық өңдеуден кейін беру арқылы бес жылға жетпей жоғалған немесе бұзылған сөйлеу процессорларын ақысыз негізде шұғыл түрде ауыстыру үшін қолданыста болған сөйлеу процессорларынан Резервтік қор құрылды.

Қолданыста болған сөйлеу процессорлары өңдеуден өткізіледі және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылар құқықтарын қорғау бойынша комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ң Алматы қаласы бойынша филиалының ішек таяқшасы тобы бактериялары, алтын түстес стафилококк сияқты патогендік қоздырғыштардың және шартты патогендік флораның жоқтығы туралы серитификатқа ие.

Қазіргі таңда Резервтік қордан өңірлердің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары хаттарының және ата-ананың (күтушінің) жеке арызының негізінде қолданыста болған отыз сегіз сөйлеу процессоры берілді, бұл жерде 5 жыл мерзімге дейін сынған – 32 сөйлеу процессоры, жоғалғаны бойынша – 6 сөйлеу процессоры көрсетілген.

Сөйлеу процессорын күйге келтіру баланың тікелей қатысуымен жүргізіледі. Күйге келтіруде оториноларинголог дәрігер, күйге келтіру жөніндегі мамандар және сурдопедагогтар қатысады. Ауыстыру қазіргі уақытта тек Алматы қаласында ӘОД ҒПО базасында жүргізіледі.

Алынған сөйлеу процессорлары ӘОД ҒПО уәкілетті ұйымында қатаң есептілікте (электрондық база, теңгерімнен тысқары шотта бағасынсыз көрсетілген) және орныққан орынжайда металл сейфте сақталады, оны жауапты тұлға пломбалайды, қабылдап алу мен беру аталмыш бұйрықта көрсетілген құжаттарға сәйкес жүргізіледі, осыған байланысты Резервтік қор Алматы қ., Желтоқсан к-сі 65 мекенжайы бойынша орналасқан ӘОД ҒПО басты мекемесінде орналасқан.