Басып шығару

Протездеу және протез жасау саласы қызметінің бағыттары

 

  1. Күрделі, аса күрделі және атипті зақымданған мүгедектерді протездеу бойынша тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстар жүргізу, бастапқы протездеу;
  2. Ұйымдастырушылық-әдістемелік мәселелер бойынша протездік-ортопедиялық ұйымдарға тәжірибелік көмек көрсету;
  3. Тиісті саланың уәкілеттілігі бойынша протездік-ортопедиялық ұйымдардың мамандарын протездеу және протез жасау бойынша біліктіліктерін арттыру;
  4. Протездік-ортопедиялық бұйымдарды жасау және жөндеу бойынша халыққа қызмет көрсету;
  5. Қазақстан Республикасында және шет елдердегі протездік-ортопедиялық көмек көрсету деңгейін талдау және зерттеу, протездеу және протез жасау саласындағы жаңа технологияларды пайдалануға байланысты әдістемелер мен нұсқаулықтарды әзірлеу және осы негізде мүгедектердің өмірін жеңілдетуге байланысты жаңа тәсілдерді енгізу;
  6. Протездеу және протездік-ортопедиялық бұйымдарды әзірлеу үшін жаңа технологияларды импорттауды жүзеге асыру;
  7. Халықтың протездік-ортопедиялық бұйымдарға мұқтаждығын айқындауға қатысу;
  8. Халыққа протездік-ортопедиялық көмекті ұйымдастырып, жетілдіру мақсатында, әдістемелік нұсқаулықтар мен ұсыныстарды әзірлеуге қатысу;
  9. Протездік-ортопедиялық бұйымдардың сапасын жақсарту арқылы бірыңғай техникалық саясаттың тиімділігін арттыру және халыққа көмек көрсету сапасын жақсарту және де бұйымдарды әзірлеу уақытын азайта отырыпқызметтік мерзімінұзарту;
  10. Қазақстан Республикасындағы протездеу және протез әзірлеу саласын зерттеу және оған талдау жасау;
  11. Протездеудің сапасы мен тиімділігін бағалау мақсатында бағдарламалық-аппараттық жүйеде диагностикалық және биомеханикалық зерттеулер жүргізу және сол негізінде мүгедектерге протездік-ортопедиялық жәрдем жасаудың мемлекеттік стандартын құрастыру;
  12. Нормативтік және техникалық құжаттамаларды әзірлеу негізінде протездік-ортопедиялық бүйымдарды жасау, қолданыста бар бұйымдарды модернизациялау, импортты тауарлардың өзіндік құнын төмендету үшін жаңа және баламалы жартылай дайын бөлшектерді жасап шығару;
  13. Протездік-ортопедиялық бұйымдардың сапасын қадағалау үшін және протездік-ортопедиялық бұйымдарға сынақ жүргізу мақсатында бірыңғай әдістемеліктерді дайындау.

БІЗДІҢ ҰСЫНЫСТАР

Ампутацияны бастан өткерген адамдарды оңалту

Аяқ протезімен қалай жүріп үйренуге болады

Протезге және тұқылға дұрыс күтім жасау жолдары

Науқасты протездеуге дайындау ампутация жасалғаннан кейін басталады. Тұқылды (аяқ немесе қолдың дене мүшесіндегі қалдығы) протезбен жүруге бейімдеу керек. Оңалту және протез салуға дайындау кезеңі, отадан кейінгі жараның жазылуынан соң істеледі. Тұқылға күтім жасау, ісінуді жою, буындардың сіресіп және қатуының алдын алу, оны емдеу, ағзаның сезімталдылығы мен басқа да функцияларын қалпына келтіру, пациент ағзасының төзімділігін арттыру, емделушінің бұлшық ет жүйесінің қалыпты вертикалдылығын орнына келтіру секілді іс-шараларды дер кезінде бастаса, адамның ағзасын операциядан кейін қалпына келтіріп, сәтті протездеуге септігін тигізеді.

  1. Ісінуге қарсы терапия жасау

Аяқ немесе қол ампутациясынан кейін, тұқылдың және іргелес бұлшықеттердің ісінуі байқалады. Мұндай ісіну ағзаға ота жасалғандықтың нәтижесіндегі табиғи қорғанышы болып табылады. Ісіну әдетте бірнеше аптадан кейін өздігінен басылады. Емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша, тұқылда орташа компрессия болуы үшін бинт орайды. Бұл ретте, бинтті байлау тәсіліне ерекше көңіл бөлу керек, өйткені дұрыс оратылмаған бинт пациенттің денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Ота жасалғаннан кейінгі алғашқы уақытта ісінуді азайту үшін тұқының жүрек деңгейінде болғанын қадағалау керек.

 1

Дұрыс қалып

 2

Тұқылды әрдайым өлшеп отыру қажет, бұл ісінудің азаю жылдамдығын анықтау үшін жасалады. Өлшеуді тек қана бір деңгейде жүргізу керек, ал барлық деректерді арнайы медициналық күнделікке жазып отыру керек. Бұл өз кезегінде ісікке қарсы терапияның нәтижесін бағалауға көмектеседі. Егер ісіну ұзақ уақыт бойы сақталса, тұқыл жарасының жазылуы да ұзаққа созылады, салдарынан протездеу шегеріледі.

 3

 4

  • 1 Тұқылдың дұрыс қалпы

Науқасты стационардан бастап әдеттегідей, жалпы жағдайындағы қимыл-қозғалыс тәртібін қамтамасыз ету керек: емдік дене шынықтыру арқылы бұлшық ет тонусы және буындардың қозғалысы қамтамасыз етіледі.Пациенттердің көпшілігі денені және тұқылды қолайлы және ауырсындырмайтын қалыпта ұстау дұрыс деп ойлайды. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, бұл әрқашан да дұрыс шешім емес. Ешбір жағдайда тұқылды бүгіп ұстауға болмайды. Мезгіл-мезгіл жамбас буынының сіреспеуін қадағалау үшін, емдік және алдын алу шараларын орындап отыру қажет: тізеден жоғары ампутация жасалған жағдайда күніне 2-3 рет екпетінен 30 минут жату керек. Адамның басы бұл ретте, ампутация жасалған мүшеге қарама-қарсы жаққа бүрылғаны жөн. Бұл емдік шара аяқ саны бұлшық еттерінің иілуіне және буындардың бүктелу амплитудасын сақтауға бағытталған. Сондай-ақ, қатты матраста жату жамбастың екпетінен жатқанда батуына мүмкіндік бермейді, бұл өз кезегінде бүгілуден және буындардың сіресуінен қорғайтын алдын алу шарасы.

Жіліншік деңгейінде ампутация жасалса, тұқылды гипс шинасында бекіту қажет, осылайша тізе буыны бекітіліп, тұқыл максималды бүгілу қалпына түседі.

1.2. Тұқылдың отырғандағы дұрыс қалпы

Ампутация жасалғаннан кейінгі бастапқы кезеңде науқасқа кресло-арба қажет болады. Кресло жастығы қатты болуы шарт (сурет №1). Бұл өз кезегінде, омыртқа бағанасының қисаюынан қорғайды. Ісіктің ұлғаюына жол бермеу үшін және буындардың сіресуіне қарсы тұқылды бинтпен орау қажет (сурет №2).

 5

Күніне бірнеше мәрте емдік гимнастикамен айналысу керек. Бұл буындардың қозғалғыштығын сақтауға әсерін тигізеді. Ертеректен бастап емдік іс-қимыл жасау, қан айналымының дұрысталуына, ағзадағы тепе-теңдіктің қалпына келуі үшін өте маңызды. Ампутациядан кейінгі алғашқы кезеңде арқа тірегі жоқ жылжымалы креслода отырып жаттығу жасау ағзаға оң әсер береді. Бұл ретте, тұқылды дұрыс қимылдату және жалпы дене қозғалысы үлкен роль атқарады.

1.3. Ерте компрессиялық терапия

Ота жасалғаннан кейін, әдетте жараға асептикалық таңғыш жасалады және дәрігерлердің бақылауында болып, үнемі жаңартылып отырылады. Артынша, пациентке компрессиялық терапия және лимфодренаж жасалады.Тұқылдың мөлшері, атап айтқанда, оның қиылған бетінің диметрі, ота жасалғаннан кейін бірден қалыптаспай, бұлшық еттер жансызданған соң ғана пайда болады. Тұқылды дұрыс қалыптастыру үшін, оны жұмсақ бинтпен төменнен жоғары қарай ораған дұрыс (бір сағат бинтпен, бір сағат бинтсіз). Бұл іс-қимылдарды күніне кем дегенде үш рет қайталау керек. Түнде бинттеуге болмайды.

Компрессиялық терапия және лимфодренаждың басты мақсаты, тұқыл ісігін азайту және бастапқы протездеуге дайындық жасау. Дұрыс жасалған компрессия пациенттің қан айналымын жақсартып, ауруды сезінуді азайтып, оның ішінде фантомды ауырсынуды, бұлшықеттердің жазылуын тездетіп, артынша тұқылдың протезге бейімделу уақытын қысқартады.

Ісінуге қарсы терапияның маңызды бөлшектерінің бірі қол лимфодренажы. Әрдайым жасалатын дренаж тұқыл ісігін азайтуға септігін тигізеді. Лимфодренажды массаж бастапқыда жеңіл және баяу жасалады, ұзақ уақытты талап етпейді. Емдік процедураны күніне бірнеше рет жасайды. Арада біраз уақыт өткен соң, пациент немесе оның туыстары лимфодренажды өздері-ақ жасай алатын болады. Ұсынылған суреттерде компрессиялық терапия жасаудың әр түрлі әдістері көрсетілген: тұқылды бинттеу (сурет №1) немесе арнайы силиконды лайнерлерді алып жүру. Компрессия деңгейін мамандар тері қабаттарының түсі мен температурасына байланысты анықтайды. Уақыт өте келе шешіп отырған өте маңызды.

 6

1.4. Компрессиялық бинттеу

Компрессиялық бинттеу тұқылдағы сұйықтық қысымын реттеу үшін және күні бойы пайдаланылуы мүмкін. Мұндай бандажды жамау үшін арнайы дағды мен тәжірибелік білім керек болғандықтан, бұл процедураны маманның орындағаны жөн. Тұқылдағы компрессияны дұрыс сақтап тұру үшін, оны орағанда екі иілгіш бинтті қолданады. Төменде бинттеу әдісінің екі бинтпен орау нұсқаулығы бейнеленген. Есте сақтайтын бір сәт, тұқылды керектен тыс артық қысып орауға болмайды, бұл жараның ауруын алдын алады.

Компрессиялық бинттеу үшін Сізге керегі:

  1. Оралмалы байлағыш
  2. Компрессиялық бинт
  3. Скотч

 10

Бандажды мықтап ұстату үшін, тұқылды оралмалы байлағышпен байлаңыз. Бұл үшін байлауышты тұқылдың ұшынан бастап кигізіңіз. Содан кейін, компрессиялық бинтті тұқылдың артқы жағынан бастап алдыңғы жағына дейін орап, байлаңыз.

 11

Бинттің бірінші қабатын нық бекіту үшін, бір оралған бинтті бір қолыңызбен ұстап тұрып, екінші қолыңызбен іс-қимылды тағы қайталаңыз.

 13

Бинтпен орау кезінде естен шығармаған жөн, ең жоғарғы қысым тұқылдың соңында болуы керек және де ол бірте-бірте тұлғаға жоғарылаған сайын азаюы керек.

Бандажға балама және компрессиялық терапияның ең қарапайым түрі силиконды лайнер болып табылады. Алайда, оларды компрессиялық құрсаулар сияқты, әр емделушінің жекелей жағдайына байланысты пайдалануға келмейді. Силикон лайнерлері мөлшері және саны жағынан түр-түрлі болып келеді. Тығыздық пен қысымды қамтамасыз ету мақсатында, лайнер мен оралған дене мүшесі арасында ауаның болмағанына көз жеткізген дұрыс (1-3 сурет). Бастапқы кезде емделуші тұқыл оралған лайнер ішінде тершеңдік сезінуі мүмкін. Бұл уақытша ыңғайсыздық болып табылады.

Терінің тітіркенуін алдын алу мақсатында, тұқыл терісіне арналған арнайы гельді пайдаланған жөн. Сондай-ақ, силиконды лайнерді әр пайдаланған сайын тазалап отырған дұрыс (бұйымды тазарту нұсқаулығы сатып алған жағдайда бірге беріледі).

 17

  1. Бұлшықеттерді жаттықтыру

 19

1 Сурет

Жаттығулар дене бұлшықеттерін, нақтырақ айтсақ құрсақ тығыршығы мен арқа, аяқ пен қолдарды нығайтуға бағытталған. Жаттығуларды шағын гірмен немесе резеңке лентамен жатып, отырып немесе тұрып істеуге болады (1 Сурет). Ампутацияланған аяқтың сақталған бөлігі жағынан да жаттығуларды істеген дұрыс.

Тұқылдың айналасындағы бұлшықеттер мен буындарды төмендегі суретте көрсетілгендей жаттықтыру керек.

 21

 24

Барлық буындардағы қалыпты қозғалыстарды қалпына келтіру протезбен толыққанды және симметриялы жүру үшін өте мағызды.

therapy1

Тұқылмен жүргендегі тепе-теңдік қалыпты сақтау дағдысын дамыту үшін, дене, жамбас және жоғарғы аяқ-қолдарды да ұштастыра қимылдатқан жөн. Денені дұрыс ұстап, ақаулықтарын түзету үшін тұлғаны еркін ұстауға көп көңіл бөлінеді. Бұдан бөлек, дене бұлшықеттерінің күш-қуатын арттырып, белді қысыңқы ұстайтын бұлшықеттерді дамытады. Нәтижеге жету үшін әдетте, айнаның алдында отырып жаттығулар жасап, денені әрдайым дұрыс қалыпта ұстағанды естен шығармаған жөн.

2.2. Сау аяқтың бұлшықеттерін дамыту

Дәрігердің қарсы көрсетімі болмаған жағдайда, ота жасалғаннан кейін екінші күні сау аяқтардың бұлшықеттерін іске қосып жүре бастаған дұрыс болып есептеледі. Буындардың сіресіп қалуын алдын алу үшін, дененің барлық бұлшықеттерін қимылдатуға тырысқан жөн. Іс-қимылдардың тиімділігін арттыру үшін, емделушінің туысы немесе дәрігер оның бір аяқпен қозғалысы кезінде көмектесуі керек.

2.3. Тұқыл бұлшықеттерін қатайту

Ота жасалғаннан кейінгі алғашқы күндері тұқыл жанындағы бұлшықеттерді нығайту үшін арнайы жаттығулар жасау керек. Мысалы, екі саныңызды орамал арқылы байлап, екі жаққа бірнеше рет қайталап тартуыңыз керек. 27

Бұл жаттығулар, жамбас бұлшықеттерінің күшін ұлғайтуға бағытталған. Аяқ сандарының ішкі бөлігінде орналасқан бұлшықеттерін, жастықтың немесе доптың көмегімен жаттықтырған жөн.

 28

2.4. Дене бұлшықеттерін нығайту

Протезбен жүруге бейімделу барысында дене бұлшықеттерінің күш-қуаты шешуші рөл атқарады. Бұған, протез кигенге дейін алдын ала дайындалу қажет. Бірінші жаттығуды орындау үшін, орындыққа арқаны тигізбей отырып, қолдарыңызды кезек-кезек төмен және жоғары қозғалта отырып, терең тыныс алу керек. Бұл жаттығу төс қуысын кеңейтіп, қан айналымын жақсартады. Келесі жаттығу «көпіршік» деп аталады. Арқаға жатып, бүтін аяғыңызды бүгіп, екі қолыңызды дененіңіздің екі жағына керіп созыңыз. Жамбасты көтеріп, иық пен тізеге дейінгі деңгейді бір қалыпта ұстап, сосын қайтадан төмен түсіріңіз.

 29

  1. Терінің жоғары сезімталдылығын төмендету

Ота жасалған аяқтың терісі әдетте өте сезімтал және нәзік болып келеді. Терінің сезімталдылығын азайту үшін бірнеше тәсілдерді қолдануға болады. Жұмсақ қылшақты немесе массажға арналған допты алып жоғары сезімтал аймақты уқалаңыз. Бұл уақыт өте келе, жоғары сезімталдықты азайтады. Сондай-ақ, теріні қатты сүлгі немесе құрғақ жөкенің көмегімен ысқылау да көмегін тигізеді. Теріге жайлы заттарды ғана пайдалану керек, іс-қимыл тұқылдың ұшынан бастап денеге қарай жүргізіледі.

 30

  • 2. Теріге күтім жасау

Тұқылды тазалықта ұстау, жараның тезірек жазылуына септігін тигізеді.

 31

Көп жағдайларда ота жасалғаннан кейінгі алғашқы 3-4 аптада жара жазылып, оның орнында тыртықшалар қалыптасады. Тіпті егер, жара жазылып, орны сақталған жағдайда да, жараның толықтай жазылуы ұзақ уақытқа созылады.Жараның толықтай жазылып, орнында тыртықтардың пайда болуы 18 айға созылуы мүмкін.

Ампутациядан кейін жараны тұрақты түрде ылғалдандырып отыру керек, себебі тыртық тіні ағзадан жеткілікті мөлшерде ылғал бөлмейді. Бұл ретте, иісі жоқ кремді пайдаланған жөн. Тыртықты арнайы ереже бойынша уқалау керек, бұл өз ретінде тыртықтың иілгіштігін және оның айналасындағы терінің жұмсақтығын арттырады (2 Сурет). Бұл протездеуге бағытталған маңызды қадам. Тыртық терісі неғұрлым жұмсақ болса, емделушіні протездеу де соғұрлым оңайға түседі. Ерте компрессиялық терапия тыртықтың пайда болуына септігін тигізеді. Бандаж немесе силиконды лайнерлер арқылы тұқылды толықтай орау – тыртық тінінің дамуына кедергі жасайтын әдіс. Бинттеу әдісі қолданылса, тыртыққа жабысқақ силиконды бауды байлау керек, содан барып бинттеген дұрыс.Ал, силиконды лайнерлерді қолданған жағдайда қосымша іс-қимылдар жасаудың қажеті жоқ.

 21

2 Сурет

  1. Психолог және психотерапевттің көмегі

Бұл ретте біз оңалтудың тағы бір маңызды бөлшегі – психологиялық бейімдеуге келдік. Емделушінің жағдайын қалпына келтіру негізінен оның тәнін сауықтырудан басталады, алайда адамға психологиялық көмек көрсету де өте маңызды. Есеңгіру, қорқу, торығу, невроздың пайда болуы – ампутациядан кейінгі қалыпты жағдай.Бұның барлығы адамның отадан кейінгі психологиялық қалыпқа келіп, толыққанды өмір сүруіне кедергі келтіреді. Осылайша, психолог және психотерапевт маманнан кеңес алу ампутациядан кейін өз-өзіне деген сенімділікті арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

4.1. Жекелеген психотерапия

Емделушіге өзінің дене кемшілігін ауыр сезінбеуі үшін, психолог маман әр емделушіге жекелей кеңес береді. Жарақаттан кейінгі ауыр өмірлік жағдайлардан туындайтын психологиялық көмек, психологиялық тренингтер, жүйке психикасының шиеленісін, психиканы жарақаттайтын жағдайлардан арылу үшін кеңес. Әр емделушінің жекелей жағдайына байланысты психотерапевтік жоспар әзірленеді. Басты бағыт емделушіні еркін сезіндіруге, зейінін жоғарылатуға, қорқыныштары мен күйзелістерін жеңуге негізделеді.

Клиникаға бір уақытта түскен 6-8 адамнан топтар құралады да, оңалту бағдарламасы басынан аяғына дейін орындалады. Топтық терапияның басымдылығы ретінде психолог маманның көмегінен бөлек, пациенттердің өзара қарым-қатынасының дамуы, бұл өз кезегінде сенімділіктің артуына септігін тигізеді.

  • 3. Гештальт-терапия (психологиялық оңалту)

Гештальт-терапияның басты мақсаты – емделушінің өз-өзіне деген сенімділігін ояту, оның ішінде, сезімдерін, қажеттіліктерін, тілектерін, дене процесстерін, ой-қызметін, сондай-ақ, сыртқы әлемді, тұлғааралық қарым-қатынасты сезіндіру.

Гештальт-терапия нәтижесінде емделуші өзінің белгілі-бір іс-қимылын саңалы түрде таңдауына мүмкіндік алады, ол үшін адам, өзінің жеке тұлғалық аспектілерін, жеке өмірін толыққанды сезініп, жүйке жүйесінің және басқа да ауру белгілерінен арылуға мүмкіндік алады. Адам өзін басқалардың теріс әрекеттерінен қорғап, ешкімнің көмегіне жүгінбей, өз аяғымен тік тұруға мүмкіндік алады.

Әр түрлі психотерапиялық әдістерді қолдануға болады: дене терапиясы техникасын, релаксация, би терапиясы, әр түрлі арт терапиялар (сурет салу, ән терапиясы), бейне және таңбалармен жұмыс жасау, қорқыныш пен үрейді жеңу, адамды шектететін таптаурындарғақарсы тұра білу.

Қорытынды

Жоғарыда аталған барлық терапиялық рәсімдерді өткерген соң ғана емделушіні протездейді. Протездеу үдерісі әр адамның жеке жағдайына байланысты болады. Ампутациядан кейінгі сауықтыру жұмыстары арнайы медициналық мекемеде, дәрігер және мейірбикенің мамандандырылған көмегімен жүзеге асырылатын жұмыс. Сонымен қатар, адамның тезірек сауығуы үшін арнайы оңалту орталығында дене жаттықтыру және физиотерапиялық аппараттар арқылы емделген жөн.

Ампутацияланған аяқ-қолды протездеген соң, келесі қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіледі,эрготерапия – жүру дағдыларын қалпына келтіру, басқаның көмегінсіз отырып-тұруға және жылжуға дағдыландыру, кинезитерапия (ЛФК); сумен емдеу (бассейнде қимыл-қозғалыстарды машықтандыру); физиотерапия, уқалау, инемен емдеу, психотерапевттің психологиялық көмегі. Заманауй және де уақытылы оңалту шаралары, аурудың асқынуына тосқауыл бола алады.

Өзінің көп жыл бойғы шыңдалған тәжірибесі, озық техникалық шешімдері мен емделушілерге деген жоғары сапалы қызметінің арқасында біздің орталықтың мамандары мұқтаж адамдарға толық, кешенді қызмет көрсетуге дайын. Білікті маманның кеңесінен бастап (лайықты протезді анықтау) оңалту жұмыстарына (протезді дұрыс қолдану ережелері) дейін.

Мүгедек жанды оңалту – бұл зор еңбекті талап ететін қажырлы жұмыс, бұл ретте, емдеу-профилактикалық мекемесі мен протездік-ортопедиялық кәсіпорын бірлесе жұмыс жасайды. Емделуші мен оңалтушы маманныңкүш-жігер мен шыдамдылықтары, олардың сенімділігі мен үміттері қалаған нәтижеге қол жеткізуге бағытталған қадам, бұл, емделушінің өмір сүру сапасын айтарлықтай арттырады, оның еркін жүріп-тұруына мүмкіндік береді, адамның жеке басының икемділігін жоғарылатып, қоршаған ортаны, қоғамды қол жетімді етеді.