Басып шығару

Естуқабілетін түзету және жасаңдыесту мүшесін орнату бағытын дағы жұмыстар

Бұл бағытта мекемеміз төмендегі жұмыстарды атқарады:

  1. Есту органы зақымдалған және нашар еститін азаматтарды анықтап, оларға дәрігерлік кеңес, сурдологиялық көмек, есту протезін жөндеп, психологиялық-медициналық жәрдем жасау;
  2. Есту қабілеті бұзылған адамдардың бірыңғай ұлттық тізімін құру;
  3. Есту қабілеті зақымдалған адамдарға жасанды есту мүшесін орнатуға дейін және орнатқаннан кейінгі медициналық жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ кохлеарлы имплантанттар орнатылған емделушілерге психологиялық-медициналық көмек жасау;
  4. Диагностикалық анықтамаға дейінгі есту қабілеті зақымдалғандығының сатысын анықтап, медициналық кеңестің қорытындысын шығару;
  5. Заманауй есту аппараттарын ұсыну, іріктеу, баптау, бағдарламалау және оларға жинақтаушы бұйымдарды, қосалқы бөлшектерді, керек-жарақтар мен электр қуат көздерін қосу;
  6. Есту аппараттарын құрастыру, жөндеу және сервистік қызмет көрсету, құлақтың ішкі каналына орнатылатын есту аппараттарын дайындау, кохлеарлы имплантанттары бар емделушілерге техникалық нұсқаулық беру;
  7. Шетелдік сурдология саласының мамандарымен бірлесе отырып зерттеулер жүргізу және медициналық талдау жасау, оның ішінде, есту мүшесін протездеу, есту және сөйлеу органдары зақымдалған адамдарды оңалту;
  8. Сурдология саласында, есту мүшелерін протездеуді жетілдіру үшін, есту және сөйлеуді оңалту мақсатында нормативті құқықтық заңнамаларды әзірлеуге қатысу;
  9. Сурдотехникалық құралдардың түрлеріне байланысты арнайы құжаттамаларды әзірлеу;
  10. Есту қабілетінің бұзылу дәрежесіне байланысты есту аппараттарына техникалық сипаттамалар дайындап, қорытынды жасау, сонымен қатар, нұсқаулықтар әзірлеп, электро акустикалық емдеуге байланысты әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу;
  11. Мамандандырылған сурдологиялық, аудиологиялық ұйымдар және мекемелермен ынтымақтастық орнату, медициналық оқу орындарының тиісті кафедраларымен байланыс құру, есту қабілеті зақымдалған азаматтармен психолого-дәрігерлік және педагогикалық оңалту мақсатында денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мүдделі қоғамдық бірлестіктермен тұрақты қарым-қатынас орнату;
  12. Сурдология саласында айналысатын ұйымдарға әдістемелік, ұйымдастырушылық және тәжірибелік көмек көрсету;
  13. Есту қабілеті бұзылған адамдарды орталықтандырылған заманауи медициналық аппараттармен қамтамасыз ету және оларға қосалқы бөлшектерді, керек-жарақтарды және электр қуатын пайдалуға байланысты техникалық нұсқаулықтар тарату;
  14. Есту қабілеті бұзылған адамдарға көмек көрсету мақсатында отандық ұйымдардан, заңды және жеке тұлғалардан, жақын және алыс шет елдерден қаражат тарту.         

«ӘОД ҒПО» РМҚК мемлекеттік кохлеарлы имплантация бағдарламасын жүзеге асыруға ат салысады. Республикалық бюджет қаражаты есебінен кохлеарлы имплантация  жасалған балалар мен ересектерге есту және сөйлеу қабілеттерін дамытуға бағытталған оңалту жұмыстары жүргізіледі. Нақтырақ айтар болсақ, күндізгі бөлім жағдайында 15 күндік емдік және психологиялық-педагогикалық сабақтар, тәулік бойғы педагогикалық бақылау, емделушілерге психологиялық-медициналық көмек көрсетіп, балалардың ата-аналарына кеңес беру. Мұндай іс-шаралар шартты түрде өткізіліп отырады, себебі, құлағы зақымданған балаларды әлеуметтік бейімдеу орталықтың басты мақсаттарының бірі. Осы санаттағы балаларға социалдық және психологиялық көмек көрсету, жалпы білім беру үдерісінде жүргізіледі.

Жоғары білікті де бәсекеге қабілетті мамандарымыз псиихологиялық және оңалту жұмыстарын атқарып, кохлеарлы имплантация жасалған балалардың азаматтық құқықтарының сақталуына жол ашып, олардың ата-аналарының сұранысын толықтай қанағаттандырады.   

«ӘОД ҒПО» РМҚК басты жетістіктерінің бірі «Кохлеарлы имплантация жасалған балаларға қолдау көрсету бойынша халықаралық тәжірибені пайдалану: көкейкесті мәселелері және оларды шешу жолдары» атты оқыту семинары. Дәріс оқушылар қатарында, психология ғылымдарының докторы, профессор Королева Инна Васильевна, Ресей мемекеттік А.И. Герцен атындағы педагогикалық университетінің сурдопедагогика кафедрасының профессорлары, Санкт-Петербург ғылыми-зерттеу орталығының есту қабілетін тексеру және оңалту бөлімінің мамандары «Алтын Қарғалы» қонақ үй-шипажайында тәулік бойғы жағдайында 2017 жылдың 23-26 наурыз аралығында «ӘОД ҒПО» РМҚК мамандарымен тәжірибе бөлісті.

Семинар мамандарымыздың кәсіби біліктіліктерін арттыруға бағытталған болатын. Бұл ретте, біздің ұжым құрамы сырқат балаларға есту-сөйлеу ортасын жасауға жағдай туғызып, балаларға медициналық және психолого-педагогикалық қолдау көрсету мәселелері алға қойылды.

         «Кохлеарлы имплантация жасалған балаларға қолдау көрсету бойынша халықаралық тәжірибені пайдалану: көкейкесті мәселелері және оларды шешу жолдары» семинарын өткізу үшін, алдын ала бағдарлама әзірленген болатын.

Семинар қорытындысы бойынша, мамандарымызға            36 сағаттық дәріске қатысқандықтарын растайтын арнайы куәліктер табыс етілді.

Осы күндері, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты «ӘОД ҒПО» РМҚК халықты әлеуметтік қорғау саласында, мамандардың біліктілігін арттыру дәрістерін өткізіп, қайта даярлап, сәтті жұмыс атқаруға барлық мүмкіндіктері бар.