Басып шығару

Ең соңғы үлгідегі протездік-ортопедиялық технологиялар

             Біздің кәсіпорын техниканың ең жаңа жетістіктерін пайдалана отырып протездік-ортопедиялық бұйымдарды енгізуде:
Bebionic білезігі және жасанды білек
Bionic протезі бұрын соңды қолданған бұйымдардан әлдеқайда сапалы және де инновациялы болып табылады. Бұл мүгедек жандардың өмірін жеңілдетуге бағытталған техникалық шешімдердің бірі. Бұл протездерді дайындау алдында, емделушінің тұқылынан көшірме алынып, соның негізінде жекелей жасалады. Протезді жасау кезінде тек қана ең жаңа технологиялар қолданылады, соның есебінен бұйымның салмағы мен қолданылу аясы кеңейеді.

bionic1

Жамбасқа арналған емдік және жаттықтырғыш CellacastXtra гильзалы протезі
Бұл жамбасқа арналған емдік және жаттығуға арналған бұйым, емделушіні оңалтудың бастапқы кезеңінде тағайындалады және де медициналық-әлеуметтік тұрғыдан жоғары мәнге ие. Протездің көмегімен емделушінің мүгедектік факторын төмендетуге болады. Жамбасқа арналған емдік-жаттығу протезі, ұдайы пайдаланатын протезді орнатпас бұрын тағылады, ота жасалғаннан кейінгі жамбас ауруларының алдын алуға бағытталған және де адамның протезбен жүру дағдысын қалыптастырады.
Емдік-жаттығу протезімен жүрген кезде адам жамбасының протездеуге қолайлығы анықталады, ампутация жасалған аяқтың тірек күші, жасанды аяқпен қозғалу ерекшеліктері, емделушінің буындары мен бұлшық еттерінің қозғалыс қарқыны бақыланады.

2Жіліншікке арналған емдік және жаттықтырғыш CellacastXtra гильзалы протезі
Жіліншікке арналған емдік-жаттығу протезі, ұдайы пайдаланатын протезді орнатпас бұрын тағылады, ота жасалғаннан кейінгі жіліншік ауруларының алдын алуға бағытталған және де адамның протезбен жүру дағдысын қалыптастырады.
Емдік-жаттығу протезімен жүрген кезде адам жіліншігінің протездеуге қолайлығы анықталады, ампутация жасалған аяқтың тірек күші, жасанды аяқпен қозғалу ерекшеліктері, емделушінің буындары мен бұлшық еттерінің қозғалыс қарқыны дәрігер-мамандардың бақылауында болады.
Пироговтың жіліншік сүйекке балама протезі
Пироговтың ампутациядан кейінгі протездері негізінен тірек мүшелерін алмастыруға бағытталған. Ампутация жасалған жіліншіктің қалдығының пішіні мен ұзындығын ескере отырып протездің құрылымы жасалады. Протезді әр емделуішінің жекелей өлшеміне байланысты гипстік көшірме арқылы дайындайды.
3Санға арналған тізеге жақын микропроцессор модулі орнатылған 3Е80 протезі
Санға арналған микропроцессор орнатылған жасанды дене мүшесі, емделушілерге жақсы тірек құралы және де күнделікті пайдалануда қауіпсіз болып есептеледі. Бұл бұйым мүгедек адамның өмірлік жағдайларға байланысты жүру дағдыларын икемдеуге, оның ішінде, тез немесе баяу жүру, еніс немесе ойқы-шойқы жерлерде жүру, баспалдақтан жүру, жоғары немес төмен жерлерде жүруге машықтандырады.Сонымен қатар, мүгедек жан бұл протездің көмегімен велисипед тебуге де мүмкіншілік алады.
4Бес ості полиорталықты тізе модулі орналастырылған 3R62 жамбас сан протезі. ЕВS жүйесі орналастырылған және табаны 1C10 Terion карбонынан жасалған Pheon қосымшасы
3R62 Pheon бес ості полиорталықты механизмі қозғалу сатысы мен тіректегі иілуді әр түрлі кейіпте икемдеуге мүмкіндік береді. Аяқ бүгілісін жеңілдету (ЕВS) – жаңа бұйым, толығымен механикалық ЕВS элементіне серіппе амортизаторлар жалғанған, жүрген мезгілде 10°-дейін аяқты бүгуге мүмкіндік береді. Бүгілуді басқарып, бірсарынды тоқтату үшін бұйымда жаңа қосалқы серіппе және өздігінен теңшелетін үйкелме жүйесі орналастырылған.

61С10 Терион табаны – карбоннан жасалған серіппе адамға тепе-теңдікті сақтауға және қуаттың қайтарылымын қамтамасыз етеді. Бұйымның қосарланған алдыңғы бөлігі кедір-бұдыр жерлерде жүріп, тоқтауға арналған. Көпіршікті қоспалардан жасалған серпімді негізі өкшеге батпай, оңай жүріп-тұруды қамтамасыз етеді.
Пневматикалық ауысым фазасын бақылауға арналған3R78 аяқ санының 4 ості полиорталықты тізе модулі орналастырылған протезі және1M10 Adjust көп ості топса және иілгіш функционалды модулі бар табан протезі
Тізе торабы өте маңызды рөл атқарады. Өкшеге басқан кезде тізе торабы протезінің буыны майыспай бір қалыпта болуы өте маңызды.Бір аяқтан екінші аяққа қадам басып жүрген кезде протездің жіліншіктері басқарылмалы болғаны жөн. Жаңа1M10 Adjust жасанды табаны арнайы белсенділігі 1 және 2 дәрежелі емделушілерге, оның ішінде, бастапқы протездеуге өте қолайлы. Бұйымның басты ерекшелігі жоғары тұрақтылықты сақтауға көмектеседі және де салмағы жеңіл болады. Жасанды табан арқылы адам тегіс емес жерлерден оңай өте алады. Өкшенің конструктивті ерекшеліктері протезді жасап шығаруға жеңілдігін тигізеді.
4Білекке арналған МyoFacil (8К50 жиынтығы бірге) қол буыны протезі
Білекке арналған протез құрамында жасанды қол буыны, бекіту элементтері бекітілген көтергіш гильза және онда орналасқан айналмалы қабылдау гильзасы бар.
МyoFacil жасанды қол буыны арқылы протезді пайдалану едәуір жеңілдей түседі, себебі, емделуші өзіне-өзі қызмет ету кезіндегі жасанды қолмен қимылдар жасау уақыты азаяды – қол буындарын бүгу, заттарды ұстау және де бір мезгілде екі қолды синхронды қимылдату.
8Вакумды бекіту жүйесі бар жіліншік протезі
(AeroLink: 6А50 құлыпшасы, 6Ү100 гибрид лайнері, 6А54/6А53 адаптері) тізеқапсыз
AeroLink жүйесі пайдалануға оңай және де емделушілердің іс-қимылдарына көптеген еркіндік береді. Сонымен бірге, бұйым тұқылда мықтап бекіп, қолайлы басқарылады.
109

Төменгі аяқ буындарына арналған ортокрилдан жасалған бұйым
Төменгі аяқ буындарына арналған ортокрилдан жасалған бұйым гипстік көшірме негізінде жасалады, табан және тізе буындарына арналған топсалардың көмегімен жоғары функционалды және салмағы жеңіл болып шығарылады.

Термопласттардан жасалған төменгі аяқ буындарына арналған бұйым
Төменгі аяқ буындарына арналған ортокрилдан жасалған бұйым гипстік көшірме негізінде жасалады, табан және тізе буындарына арналған топсалардың көмегімен жоғары функционалды және салмағы жеңіл болып келеді.Бұл бұйымды дайындаған кезде емделушінің салмағы есепке алынбайды. Өкшенің құрылымы стандартқа сәйкес аяқ-киімдерді киюге мүмкіндік береді.
11Аяқ санына арналған спорттық тізе топсасы мен спорттық табан біріктірілген спорттық протезі
Бұл бұйым – спортпен шұғылданатын мүгедек адамдарға арналып шығарылған. Өзінің құрылымына байланысты спорттық жүріс немесе жүгіру кезінде жоғары қысымға арналған.
Тізе буынында орналасқан спорттық топсаны әр жағдайға байланысты бекітуге немесе босатуға болады. Бұл спорттық протез 60°-дейін сермей қозғалуға және де одан әрі 90° тез арада шұғыл тоқтауға мүмкіндік береді. Сермей қозғалғанда бірсарынды тоқтау протез буындарының арнайы топса арқылы бүгілуі нәтижесінде іске асады. Жүгіріп келе жатып тез арада немесе ақырындап барып тоқтауға болады.
12   Жамбасты оқшаулағаннан кейінгі 7Е10 HeLiх 3D полиорталықты жамбас модулі орнатылған протезі және оның гидравликалық басқару жүйесі
Жамбас буыны оқшауланған мүгедектерге арналған 7Е10 HeLiх 3D полиорталықты жамбас модулі орнатылған протезі және оның гидравликалық басқару жүйесі. Бұл протез мүгедек адамның қозғалыс кезіндегі қимыл-тірек аппаратының күш қуатын үнемдеуге арналған, өз кезегінде адам қимылдаған кезде дене салмағы дәлме-дәл екі аяқтарына түседі, соның есебінен жұру қимылы жеңілдей түседі.
131С66 TritonSmartAnkle көп ості бионикалық табан және микропроцессор көмегімен басқарылатын гидравликалық тобық орналастырылғанаяқ санына арналған протезі
Бионикалық протездерді дайындаған кезде ең жаңа технологиялар қолданылады.Бұл протездер тізе және табан буындарын сенсорлардың белгілері арқылы қозғалысқа келтіреді, ал сенсорлар өз кезегінде бұлшықеттердің импульстарын қабылдайды. Соңғы техникалық жетістіктерге байланысты, бұл бұйымдардың функционалдылығы табиғи аяқтың мүмкіндіктерінен кем емес.
Бионикалық протездің тағы бір ерекшелігі, оның сапасы және механикалық тобық пен тізе буынында орнатылған, бейімделгіш микропроцессордың жұмысы. Бұл технологияның көмегімен мүгедек адамдар протездің сезімтал сенсорлары арқылы аяқ саусақтарын қозғалтуға мүмкіндік алады. Егер де адам белгілі бір себептерге байланысты жығылып бара жатса, арнайы енгізілген функция мүгедек адамды құлатпайды.
1514
AguaLineSistem суға төзімді толымдауыштары бар суға киіп түсуге арналған аяқ санының протезі
Төменгі аяқ-қолдары ампутацияланған адамдар суға түсе алмайтыны белгілі. Сондықтан да, душ болсын, бассейн болсын, жағажай болсын олар өздерін емін-еркін сезінуге тиіс.
Aqualine Sistem протезі суға төзімді, қорғаныс жабыны бар, қауіпсіз және эстетикалық пішінге келтіріліп жасалған.Aqua жасанды табаны кедір-бұдыр болғандықтан суда және дымқыл жерде сырғып кетпей тепе-теңдікті сақтап тұрады.
Бұл протездердің тағы бір ерекше қасиеті, суға түскен мезгілде арнайы тетіктеріне су жиналатындықтан, салмақты сақтап суда еркін қозғалуға мүмкіндік береді. Ал адам судан шыққанан кейін, арнайы біріктіргіш блоктағы дистальды бөлікте орналасқан тесіктер арқылы жиналған су ағып кетеді.16

3R41 бір ості тізе модулі орнатылған аяқ санына арналған протезі, инновациялық бекіту және босату жүйесі енгізілген, дәлдеме пирамидалары арқылы бүгілгіштікті қамтамасыз етеді
3R41 тізе механизмінің протездеуде маңызы жоғары. Протезге салмақ түскен кезде механикалық тізе қозғалмай, өкшеге салмақ түскен кезде ауытқулар болмауы қажет. Адам аяқ санын қозғалтқан кезде протез емін-еркін және оңай қозғалып тұруы маңызды.17