Басып шығару

Орталық туралы

2014 жылдың 23 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес «Республикалық есту қабілетін түзету орталығы» РМҚК және «Республикалық экспериментті протездеу орталығы» РМҚКҚазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы»РМҚК болып біріктірілді. 2017 жылдың 18 ақпанында мекеме ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты«Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК атауына көшті.

Осылайша, «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК кохлеарлы имплантанттары бар балалардың есту және сөйлеу қабілеттерін дамыту жүктелген, жауапты және күрделі шешімдер қабылдайтын, бірінші мемлекеттік құрылым болды. Мұндай мекемеге қажеттілік, 2007 жылдан бастап елімізде кохлеарлы имплантация жасау мүмкіндігінің пайда болуына байланысты туындады.

Мекемеміз есту аппаратына имплантант орнатылған балаларды әлеуметтік ортада бейімдеуге байланысты, жоғары және төмен аяқ-қолдарды протездеуге арналған өзекті мәселелерді шешеді. Атап айтқанда, есту аппаратына тән басты сырқат түрлерін анықтау, емдеу және алдын алу, жаңа инновациялық технологиялар базасында қол-аяқты протездеу мәселелерімен шұғылданады.

Мекеме мамандары Қазақстанда алғаш болып есту және сөйлеу қабілеттері тежелген балаларға арнайы сауықтыру бағдарламасын құрастырды. Бұл әдіс медицина, сурдопедагогика және әлеуметтік бейімделу ережелерінің жиынтығы негізінде дайындалған.

Біздің кәсіпорын шетелдік әріптестермен тұрақты байланыс арнасын орнатқан. Мамандарымыздың біліктілігін арттыру мақсатында орталығымызға алыс және жақын шет елдерден білікті ғалымдар келіп, тәжірибе бөлісуде. Сонымен қатар, қызметкерлеріміз тұрақты түрде Ресеуге, Германия мемлекетіне біліктілік арттыруға барып тұрады. Алған білімдерін Орталықта тәжірибеде қолданады.

Орталық және құрылымдық бөлімшелер барлық қажетті аппараттармен жабдықталған. Соңғы жылдары заман талабына сай техника сатып алуға 150 млн тенге жұмсалған, бұл жұмысымызды жоғары деңгейде орындаудың кепілі.

Кәсіпорын жоғары білікті мамандар ұжымынан құралған. Біріншіден, бұл протезші-дәрігерлер аяқ-қолдары зақымданған адамдарға сапалы медициналық көмек көрсететін мамандар, екіншіден, сурдолог, сурдопедагог, ЛОР-дәрігер, логопед, психолог, массаж жасауды жүзеге асыратын қызметкерлер. Біріге келе, мұның барлығы жұмысымызды баянды да сапалы атқарылуы.

Протездік-ортопедиялық көмек көрсету бойынша республикамыздың барлық өңірлерінде мүмкіндігі шектеулі жандарға жоғарғы және төменгі аяқ-қолдарын протездеуге көмек жасаймыз. Орталығымызда жыл сайын 130-дан астам протездер жаңа технологиялар арқылы дайындалады.