Қателік
  • JLIB_DATABASE_ERROR_FUNCTION_FAILED
Басып шығару

Біздің сайтымызға қош келдіңіздер!

ҚР ЕХӘҚМ «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-тәжірибелік орталығы» ШЖҚ РМК ресми сайтына қош келдіңіздер!

Постоперациялық кохлеарлы имплант жүйесі орнатылған балалардың есту және сөйлеу қабілетін оңалту жұмыстарын ұйымдастырып, аяқ-қол протездерін дайындау бойынша Қазақстан Республикасындағы көшбасшы инновациялық кәсіпорын болып табылады

   ҚР ЕХӘҚМ «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-тәжірибелік орталығы» ШЖҚ РМК ресми сайтында есту қабілетінің бұзылу түрлері, оларды анықтау әдістері және де балалардың есту және сөйлеу машықтарын дамыту бойынша психологиялық және педагогикалық көмек көрестуге байланысты көптеген пайдалы ақпаратпен таныса аласыздар.

Біз келесі қызметтерді орындаймыз:

  1. Баланың есту және сөйлеу моторикасын дамытуға бағытталған сабақтар;
  2. Логопед және психологтың көмегі;
  3. Бала бойында білім мен дағдыларды қалыптастыру;
  4. Есту қабілеті зақымданған балалармен кешенді оңалту бағдарламаларын жүргізу;
  5. Балалардың есту және сөйлеу қабілеттерін заманауи әдістермен диагностикадан өткізу;
  6. Тереңдетілген диагностика арқылы баланың дамуына қолайлы жағдай жасау;
  7. Балалармен топтық және жеке оңалту сабақтарын өткізу;
  8. Ата-аналарға психологиялық және педагогикалық кеңес беру.

Орталығымызда келесі мамандар қызмет етеді:

  1. сурдопедагог
  2. логопед (дәрігердің ұсынысы бойынша)
  3. педагог-психолог
  4. сурдолог
  5. ЛОР-дәрігер
  6. массажист (дәрігердің ұсынысы бойынша)ea422f3f699b59f6936404dd80093579

   Мамандарымыз баланы толыққанды әлеуметтік ортаға бейімдеуді жүзеге асырады.

   Орталығымызда жеке және топтық сабақтарға арналған бөлмелер баланың дамуына септігін тигізетін барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Педагогикалық шығармашылық топ бағдарламасы, әр баланың қабілетін және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, олардың танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған. Орталығымыздың мамандары балалардың ата-анасына әдістемелік нұсқаулықтар ұсынып, баланы танымын дамытуға бағытталған кеңес береді.

20180607 100525 

   Баланы тәрбиелеп дұрыс білім беру, нәтижесінде үлкен жетістіктерге жеткізеді, ең бастысы үміттеріңізді үзбей ҚР ЕХӘҚМ «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-тәжірибелік орталығы» ШЖҚ РМК ұсынып отырған мүмкіндіктерді оңтайлы пайдалана білу.

 

 

 

 

 

 

Протездеу, протездік бұйымдарды дайындау және мүгедектерді оңалту бағыты жайында

     Протездеуді ғылымның жеке саласы ретінде қарастырып, уақыт сұранысына байланысты тәжірибелік ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындап, медициналық ғылыми қызметті жетілдіру мақсатында 2014 жылғы Қазақстан Үкіметінің Қаулысы бойынша «Республикалық есту қабілетін түзету орталығы» РМҚК және «Республикалық эксперименттік протездеу орталығы» РМҚК «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-тәжірибелік орталығы» РМҚК болып біріктірілді. 2017 жылдан бастап осы күндерге дейін «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-тәжірибелік орталығы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің қарамағында қызмет көрсетеді.

20180611 110433

      «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-тәжірибелік орталығының» негізгі технологиялық бағыты протездерді, ортездерді және оңалту көмекші құралдары мен әдістерін әзірлеу болып табылады. 2017 жылдан бері қазіргі заманға лайық технологияларды енгізу және де дәстүрлі протез дайындау әдістерінен біртіндеп инновациялық бағытқа бет алу қазіргі экономикалық жағдайда кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырып қана қоймай, мүмкіндігі шектеулі жандардың күнделікті өмірін жеңілдетуде.

      Кәсіпорында қолданылатын жаңа технологияларға электронды тізе модулі, табан, 3D технологиялары арқылы баспадан шыққан материалдар мен қосалқы бөлшектерді айтуға болады. Біздің кәсіпорын, қазіргі таңда мемлекетімізде 3D технологиясын протездік-ортопедия саласында қолданатын жалғыз өндіріс орны. Осылайша, медицина аспектісін дамытуға едәуір септігін тигізіп отырған 3D баспа технологиялары біздің мемлекетімізде де қолданысқа ие болуда. Мысал келтірер болсақ, дәстүрлі протездеу әдісі емделушіні физикалық оңалтумен қатар протез дайындау мерзімін қоса алғанда өте ұзақ уақытты алады. Бұған протезші мамандардың жұмысына кіретін гипсті араластырып құю, протездің пішінін жасау, емделушілердің аяқ-қолдарының өлшемін алу, түпкілікті нәтижеге, яғни әрдайым қолданылатын протезді дайындап шығару үшін гипсті «тонналап» пайдалану өте ұзақ уақыт аралығын алады. Ал, жоғарыда жазылған 3D технологияларына келер болсақ, 3D сканер арқылы зақымдалған аяқтың немесе қолдың бейнесі мониторға беріледі, одан әрі 3D технологиялары бойынша дизайнерлер бейнеленген сызба деректерін модельдеп, протездің бөлшектерін 3D принтері арқылы баспадан шығарады. Бұл жұмыстарға орташа есеппен екі тәулік уақыт кетіп, протезші-техниктің айлар бойғы жұмысы санаулы күндерде орындалады.

20180611 110343

     Біздің мақсатымыз - физикалық тұрғыдан мүгедек жандардың өмірін жеңілдетіп, психологиялық ауыртпашылықты азайту. Бір жылда біздің кәсіпорын бюджеттік бағдарлама шеңберінде шамамен 100 протездік-ортопедиялық бұйымдар дайындайды, оның ішінде 90% жаңа технологиялар негізінде, ал қалған 10% ең соңғы технологиялар бойынша дайындалуда. Ең соңғы технологиялар негізінде жасалынған протездердің едәуір артықшылықтары бар. Атап айтар болсақ, жүріп-тұрудағы жайлылығы, жеңіл салмақты, дәстүрлі протездермен салыстырғандағы өнімнің экологиялылығы. Әр үш жыл сайын біздің мамандар протездерді ауыстыру қызметін көрсетеді. Протездік-ортопедиялық көмекке мұқтаж жандарды тіркеуге алу жұмыстарын емделушілердің тұрғылықты мекен-жайлары бойынша қалалық немесе облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларында жүзеге асырылады. «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-тәжірибелік орталығы» тарапына жолдама беретін де осы мекемелер. «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек көрсету бойынша методологиялық қамтамасыз ету, оның ішінде протездік-ортопедиялық көмек беру» бағдарламасы аясында біздің кәсіпорын протездік-ортопедиялық көмекті мемлекет есебінен тегін түрде ұсынады. Осы бағдарлама ережесіне сәйкес, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолғабыс толықтай ақысыз түрде жасалынады, оның ішінде емделушінің жол жүру шығындары, орташа есеппен 10-15 тәулікті құрайтын протездеу мерзіміндегі медициналық стационарда емделуі кіреді.

Біздің мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 65

Байланыс телефондары: 8 (727) 279-80-91; 279-14-61; 279-94-24