Ошибка
  • JLIB_DATABASE_ERROR_FUNCTION_FAILED
Печать

Біздің филиалдар

1. ҚР ЕХӘҚМ «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-тәжірибелік орталығы» ШЖҚ РМК Ақтөбе облысындағы филиалы, Ақтөбе қаласы.

Қызмет көрсету бағыты:

Кохлеарлы имплантация операциясы жасалынған балалардың есту және сөйлеу қабілетін оңалту

Филиал штаты:

1. Филиал директоры – Мәзін Мира Жексенқызы

2. Әлеуметтік педагог – Садуакасова Арай Тукешовна

3. Сурдопедагог – Балымбетова Гулшат Шалкаровна

4. Психолог – Нурбаева Айнур Жумабаевна

5. Логопед – Шакирова Полина Николаевна

6. Дәрігер сурдолог – Айткалиева Алия Галымовна

2. ҚР ЕХӘҚМ «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-тәжірибелік орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облысындағы филиалы, Қызылорда қаласы.

Қызмет көрсету бағыты:

Кохлеарлы имплантация операциясы жасалынған балалардың есту және сөйлеу қабілетін оңалту

Филиал штаты:

1. Филиал директоры – Налибаева Сауле Маделхановна

2. Логопед – Исабекова Аида Ануаровна

3. Дәрігер сурдолог – Тажибаева Багжан

4. Сурдопедагог – Бекжан Турсынай Абдикалиевна

5. Психолог – Нурмаханова Айгуль Серикбаевна

3. ҚР ЕХӘҚМ «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-тәжірибелік орталығы» ШЖҚ РМК Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалы.

Қызмет көрсету бағыты:

Кохлеарлы имплантация операциясы жасалынған балалардың есту және сөйлеу қабілетін оңалту

Филиал штаты:

1. Филиал директоры – Курманова Сауле Ажмухамбетовна

2. Әлеуметтік педагог – Жарасбек Нурганым Сакенкызы

3. Сурдопедагог – Нурпеисова Раушан Гумаровна

4. Психолог – Газизова Алма Карабаевна

5. Логопед – Беркинова Сымбат Бекмурадовна

6. Мейірбике – Куронова Ботагоз Зарлыкановна

4. ҚР ЕХӘҚМ «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-тәжірибелік орталығы» ШЖҚ РМК Жамбыл облысындағы филиалы, Тараз қаласы.

Қызмет көрсету бағыты:

Кохлеарлы имплантация операциясы жасалынған балалардың есту және сөйлеу қабілетін оңалту

Филиал штаты:

1. Филиал директоры – Амиров Султан Даулетбекович

2. Әлеуметтік педагог – Ансарова Назира Таировна

3. Сурдопедагог – Каранда Наталья Геннадьевна

4. Психолог – Андрианова Вероника Олеговна

5. Логопед – Циттель Элина Владимировна

5. ҚР ЕХӘҚМ «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-тәжірибелік орталығы» ШЖҚ РМК Шымкент қаласындағы филиалы.

Қызмет көрсету бағыты:

Кохлеарлы имплантация операциясы жасалынған балалардың есту және сөйлеу қабілетін оңалту

Филиал штаты:

1. Филиал директоры – Ахметов Ералы Есенгельдиевич

2. Сурдолог – Алибаева Гульшат Алимжановна

3. Әлеуметтік педагог – Ибраева Салтанат Кайратовна

4. Сурдопедагог – Агманова Асия Байтуреевна

5. Психолог – Амангелдіқызы Лаура

6. Психолог – Отыншиева Роза Сырлыбековна

7. Логопед – Досалиева Дана Касымхановна

Печать

Есту және сөйлеу қабілетін оңалту жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері

Мақсаттар:

- Балаларды толық әлеуметтік кiрiгуге қажетті естуді қабылдауын, ауызша сөйлеу қабілетін қалыптастыруға немесе одан әрі дамытуға үйрету;
- Ата-аналарға күнделікті тұрмыста және күнделікті қарым-қатынас жағдайында баланың есту қабілетін, сөйлеу дағдысын дамытуға үйрету;
- Жаңа әдістемелерді ескере отырып, мамандарды сол жерлерде жұмыс істеуге үйрету.

Міндеттер:

1. КИ сөйлеу процессорының техникалық сипаттамаларын тексеру (ішкі және сыртқы бөліктердің күйі). Сурдопедагогтың қатысуымен кохлеарлық импланттың сөйлеу процессорын күйге келтіруін және қайта күйге келтіруін тексеру.
2. Тәулік бойғы есту-сөйлеуді оңалту жағдайында КИ-ден кейінгі баланың психологиялық-педагогикалық қолдауын ұйымдастыру.
3. Баланың ауызша сөйлеуді қабылдау қабілетін дамыту, сөйлеуін бақылау, оны қолдана білу қабілеттерін жаттықтыру.
4. КИ-ден кейінгі балалардың когнитивтік дағдыларын дамыту бойынша жеке түзету-педагогикалық және психологиялық сабақтар өткізу.
5. КИ-ден кейінгі балалардың ата-аналарына, мамандарға, педагогтарға үйрету және тәрбиелеудің арнаулы әдістері мен тәсілдерін қолдану мәселелері бойынша консультациялық және әдістемелік көмек көрсету.
6. Есту-сөйлеу қабілетін оңалту кезеңінде балалардың өмірін, денсаулығы мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету.

Печать

Ұйымдастыру-ғылыми бөлімі

     Ұйымдастыру-ғылыми бөлімі ҚР ЕХӘҚМ «ӘОД ҒТО» ШЖҚ РМК Медициналық оңалту Департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
       Ұйымдастыру-ғылыми бөлімі өз қызметінде мыналарды басшылыққа алады:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын және нормативтік- заңшығарушылық актілерін;  
- Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік және құқықтық актілерді;
- «ӘОД ҒТО» ШЖҚ РМК Бас директорының өкімдік құжаттарын; 
Ұйымдастыру-ғылыми бөлім қызметі бойынша құжаттарды құрастыру және рәсімдеу тәртібін;
- Кәсіпорын Жарғысын; 
- Осы Ережені.
 
«ӘОД ҒТО» ШЖҚ РМК Ұйымдастыру-ғылыми бөлімнің мақсаты:
- денсаулық сақтау, білім беру, «ӘОД ҒТО» ШЖҚ РМК мамандарын әлеуметтік және техникалық сүйемелдеу саласында ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру, және оның орындалуын үйлестіру.  
 
«ӘОД ҒТО» ШЖҚ РМК Ұйымдастыру-ғылыми бөлімнің негізгі міндеттері:
 
1. «ӘОД ҒТО» ШЖҚ РМК құрылымдық бөлімшелерінің және облыстық (қалалық) филиалдарының негізгі ғылыми бағыттарының шеңберінде ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік қызметті жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру және талдау.
2. Инклюзивтік және арнайы білім беру, есту-сөйлеуді оңалту, естуді протездеу мәселелері бойынша ЖОО-мен, ғылыми, жобалық-зерттеу ұйымдарымен, кәсіпорындар мен фирмалармен, шетелдік серіктестіктермен ғылыми-әдістемелік және ғылыми-зерттеу серіктестігін дамыту.
3. «ӘОД ҒТО» ШЖҚ РМК бөлімдері, облыстық (қалалық) филиалдары жұмыскерлерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын, жарияланымдарын, «ӘОД ҒТО» ШЖҚ РМК әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрықтары мен өкімдерін орындауына бақылауды жүзеге асыру. 
4. Денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет, инклюзивтік және арнайы білім беру, протездік-ортопедиялық бұйымдар бойынша ең жаңа технологияларды енгізу өндірісі технологиялары, кохлеарлық имплантация жүйесі бар балалардың есту-сөйлеу қабілетін оңалту, есту қабілеті бұзылған балалардың естуін протездеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының барлық өңірлері мамандарының біліктілігін көтеру және қайта даярлау бойынша үнемі әрекеттегі курстарды құру, ұйымдастыру және жүргізу.
5. «ӘОД ҒТО» ШЖҚ РМК өндірістік қызметін қамтамасыз ету мақсатында өзге де құрылымдық бөлімшелермен және облыстық (қалалық) филиалдармен өзара әрекеттестікті ұйымдастыру.
6. «ӘОД ҒТО» ШЖҚ РМК филиалдары, бас филиалдың құрылымдық бөлімшелері мамандарының кәсіби қызметін қамтамасыз ету үшін бақылау жасау.
7. «ӘОД ҒТО» ШЖҚ РМК бас бөлімшесінде, филиалдарында кохлеарлық имлантация жүйесі бар балаларды күндізгі стационар және тәулік бойғы бақылау жағдайында оңалту іс-шараларының жүргізілуін үйлестіру.
8. «ӘОД ҒТО» ШЖҚ РМК есту-сөйлеуді оңалтудың ғылыми-әдістемелік, медициналық, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық қызметін реттеуге қажетті ұйымдастыру-құқықтық және әдістемелік материалдармен жабдықтау.
9. Өндіріс технологиясы, денсаулық сақтау,  арнайы және инклюзивтік білім беру,  кохлеарлық имплантация жүйесі бар балалардың есту-сөйлеу қабілетін оңалту, есту қабілеті бұзылған балалардың естуін протездеу саласындағы отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу.
 
Печать

Есту және сөйлеу қабілетін оңалту бөлімі

DSC 000100

Бөлім міндеттері:

  • Есту-сөйлеу қабілетін оңалту жағдайында балалармен олардың ата-аналарын КИ орнатылған балаларды және оның ата-анасына психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру.
  • Есту-сөйлеу қабілетін оңалтудың маңызды және белсенді қатысушысы болуға мүмкіндік беретін қолайлы білім беру және түзету ортасын құру.
  • Баланың ауызша сөйлеуді қабылдау қабілетін дамыту, өз сөзін бақылауға, оны қолдана білуге үйрететін жаттығулар.
  • КИ сөйлеу процессорының техникалық сипаттамаларын тексеру (ішкі және сыртқы бөліктердің күйі). Сурдолог+сурдопедагогтың қатысуымен кохлеарлық имплантацияның СП күйге келтіруін және қайта күйге келтіруін тексеру.
  • Оқыту мен тәрбиенің арнайы әдістері мен әдістерін қолдану бойынша мұғалімдерге, мамандарға, КИ-ден кейінгі балалардың ата-аналарына консультативтік-әдістемелік көмек.
  • Есту-сөйлеу қабілетін оңалту кезеңінде балалардың өмірін, денсаулығы мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету.

Есту-сөйлеу қабілетін оңалту бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы
Звягинцев Дмитрий Николаевич

психолог

тел.: 8 (727) 395-24-97

Қабылдауға жазылу уақыты сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүргізіледі.

Есту-сөйлеу қабілетін оңалту бөлімінің мамандары кохлеарлық имплантациядан кейін балаға кешенді оңалту қызметін ұсынады. Оларға балада қарым-қатынас дағдыларын дамыту, сөйлеудің мәнерлігін, сөйлеу дағдыларын, өзара әрекеттесу дағдыларын және тағы басқаларын дамытудағы логопедтердің, сурдопедагогтар мен психологтардың көмегін жатқызуға болады.

Бөлімнің штаты:

1. Есту-сөйлеу қабілетін оңалту бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы, психолог
- Звягинцев Дмитрий Николаевич

2. Психолог - Әбсаттар Қымбат Жанатқызы

3. Логопед - Сейтенова Бекзат Асылханкызы

4. Әлеуметтік педагог - Әнәпия Ұлзада Тайырбекқызы

5. Сурдопедагог - Буркитбаева Анар Жанарбековна

6. Сурдопедагог - Илахунова Зарина Турганжановна

7. Логопед - Тутова Айгерім Нұржанқызы

Арнайы жабдықталған сыныптарда тыныш және жайлы ортада балалар кохлеарлы имплантациядан бірнеше апта өткен соң біздің логопедтерде, дефектологтарда, психологтарда есту мен сөйлеуді дамыту сабақтарына қатыса алады.
Оқу сабақтары медициналық бақылаумен бірге жүреді. Мұның бәрі сабақтың тиімді болуы үшін жасалады. Мұқтаж азаматтарға арналған қызметтерге қол жетімділікті арттыру – біздің соңғы жылдардағы басты бағыт.

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан, Шымкент, Тараз, Ақтөбе және Қызылорда қалаларында филиалдар есту-сөйлеу қабілетін оңалту саласында жұмыс істейді.

Печать

Мамандарға көмек

Инна Васильевна Королеваның 2020 жылдың 14 сәуірдегі

«Бодрое утро с профессором Королевой» атты online-жобасының бейнежазбасы

Келесі тақырыптар қарастырылды:

- оқшаулану жағдайындағы КИ орнатылған баланың есту-сөйлеу қабілетін оңалту;

- оқшаулану жағдайында есту-сөйлеу қабілетін оңалту жаттығуларын тиімдірек ету;

- баламен үй жағдайында жаттығуларды орындау үшін ең тиімді материалдар мен оқу құралдары.

Online-кездесу уақытында профессор И.В.Королева Med-EL компаниясының Lesson Kits тақырыптық материалдарын қолданды, олар КИ таққан баланың сөздерді түсініп, ересек адамдармен ойын ойнағанда сөйлесе білу қабілетін дамытуға арналған.

Сонымен қатар, кохлеарлы имплант орнатылғаннан кейінгі оңалту жұмыстарын сәтті өткізу сұрақтары қарастырылды.

Профессор И.В.Королеваның Instagram желісіндегі жеке парақшасы

 

 Инна Васильевна Королеваның 2020 жылдың 17 сәуірдегі

«Бодрое утро с профессором Королевой» атты online-жобасының бейнежазбасы

Online-эфирде профессор И.В.Королева әр түрлі жастағы КИ орнатылған балаларды оңалту материалдарымен таныстырды. Аудиторияны Med-EL компаниясының Lesson Kits оқу құралының #7 "Біздің денеміз" атты жаттығулар жиынтығымен таныстырып өтті. Оқшаулану жағдайында оңалтуды өткізудің ерекшеліктері жайлы айтты.

Профессор И.В.Королеваның Instagram желісіндегі жеке парақшасы

 

Инна Васильевна Королеваның 2020 жылдың 21 сәуірдегі

«Бодрое утро с профессором Королевой» атты online-жобасының бейнежазбасы

Қарастырылған тақырыптар:

- КИ орнатылған баланың сөздік тілін дамытудағы қиындықтар;

- Балалармен жан-жануарлар кейпінде ойын ойнау маңыздылығы. Med-EL Lesson Kits #5 "Жануарлар" материалдары қолданылды.

Профессор И.В.Королеваның Instagram желісіндегі жеке парақшасы

 

Инна Васильевна Королеваның 2020 жылдың 24 сәуірдегі

«Бодрое утро с профессором Королевой» атты online-жобасының бейнежазбасы

Келесі тақырыптар талқыланды:

- КИ және ЕА орнатылған бала қалай таңнан кешке дейін тыңдап, ойлап, түсініп, сөйлеп үйренеді?

- Не үшін біз балаға кохлеарлы имплант немесе есту аппаратын орнатамыз?

- Med-EL компаниясының Lesson Kits #2 "Асүй" тақырыбындағы жаттығуы.

- Med-EL компаниясының Lesson Kits #9 "Тамақ" тақырыбындағы жаттығуы қарастырылды.

Профессор И.В.Королеваның Instagram желісіндегі жеке парақшасы

 

Инна Васильевна Королеваның 2020 жылдың 28 сәуірдегі

«Бодрое утро с профессором Королевой» атты online-жобасының бейнежазбасы

Бұл эфирде профессор И.В.Королева кохлеарлы имплантты қолданудың алғашқы кезеңін неғұрлым тиімдірек пайдалану туралы, КИ орнатылған баламен қарым-қатынасқа түскендегі дыбыстардың мән-мағынасы жайында айтып, аудиторияның сұрақтарына жауап берді.

Профессор И.В.Королеваның Instagram желісіндегі жеке парақшасы

 

Инна Васильевна Королеваның 2020 жылдың 05 мамырдағы
«Бодрое утро с профессором Королевой» атты online-жобасының бейнежазбасы
 
Бұл эфир келесі тақырыптарға арналды:

- КИ процессорын қосқаннан кейінгі бастапқы кезеңде балаға әр түрлі дыбыстар мен сөздерді айтқызып үйрету;

- жаттығу барысында кішкентай балаларға дыбыстарды, қысқа сөздерді айтқызып үйретудің негізгі әдістері.

Профессор И.В.Королеваның Instagram желісіндегі жеке парақшасы

 

Инна Васильевна Королеваның 2020 жылдың 08 мамырдағы

«Бодрое утро с профессором Королевой» атты online-жобасының бейнежазбасы

Бұл online-кездесуде профессор И.В.Королева барлық мамандар және ата-аналарға маңызды тақырып: "КОХЛЕАРЛЫ ИМПЛАНТАЦИЯҒА ЖӘНЕ КОХЛЕАРЛЫ ИМПЛАНТ ПРОЦЕССОРЫН АЛҒАШ ҚОСУҒА ДАЙЫНДАЛУ + КИ ТЕКСЕРІП КҮЙГЕ КЕЛТІРУГЕ ДАЙЫНДАЛУ" жайлы айтып берді. Бұл ақпарат арқылы кохлеарлы имплант орталықтарындағы карантин алынғанна кейінгі кезеңді сәтті өткеруге мүмкіндік береді.

Профессор И.В.Королеваның Instagram желісіндегі жеке парақшасы

 

Инна Васильевна Королеваның 2020 жылдың 12 мамырдағы

«Бодрое утро с профессором Королевой» атты online-жобасының бейнежазбасы

12 мамыр күні өткен online-кездесу ЕКІЖАҚТЫ (НЕМЕСЕ БИЛАТЕРАЛДЫ) КОХЛЕАРЛЫ ИМПЛАНТАЦИЯҒА арналды. Тақырып аясында екінші құлаққа кохлеарлы имплантация жасату қажет пе, ол қандай-да бір артықшылықтар бере ме, 2 операция арасында қандай интервал болуы керек, КИ орнатылған екінші құлақты естіртіп "үйрету" керек пе, екінші құлақты болашақтағы жаңа технологияларға сақтаған дұрыс па және тағы басқа маңызды мәселелер қозғалды.

Сонымен қатар, трансляция барысында Инна Васильевна ЕСТУ АППАРАТЫН ЕКІНШІ ҚҰЛАҚТА ТАҒЫП ЖҮРГЕН ЖӨН БЕ деген сұрақ айналасында жауаптарын айтты.

Профессор И.В.Королеваның Instagram желісіндегі жеке парақшасы

 

 Билатералды кохлеарлы имплантация - сыни интервал

И.В.Королеваның 2020 жылғы 19 мамырдағы "Билатералды имплантация" жайлы түсінік беруі және алғашқы имплантациядан кейін 18 жыл өткен соң екінші құлағына КИ орнатқан Николай Кузнецовпен әңгімелесуі. Бұл интервьюдің ерекшелігі Н.Кузнецов соқыр-саңыраулар қатарына кіреді. Мұндай кездесулер ересек пациенттермен қатар, ата-аналарға, мамандарға пайдалы себебі олар осы арқылы КИ орнатылған адамдардың сезімдерін түсінуге мүмкіндік береді.

 

Кохлеарлы имплант тағатын логопедпен диалог

Бұл жолы И.В.Королева Анастасия Тозик есімді КИ орнатылған логопед маманмен интервью өткізді. Әңгіме барысында ересек есту қабілетінен кеш айырылған кісінің дыбыстар мен сөздерді қалай еститіндігі, КИ арқылы есту қабілеті қалыпты есту қабілетінен қаншалықты өзгеше, есту қабілетінен кеш айырылған кісіге есту-сөйлеу қабілетін оңалту жаттығуларын өткізудің қажеттілігі, дыбыстарды танып, сөздерді түсінуге қандай әрекеттер септігін тигізетіндігі жайлы сөз қозғалды. Сонымен қатар Анастасия Тозик КИ пайдаланушыларға өз кеңесін берді.

 

Сіздердің назарларыңызға медицина ғылымдарының докторы, HEARRING есту қабілетін қалыпқа келтіру Халықаралық клиникалар бірлестігінің сарапшысы, КИ жүйелерін жетілдіру патентінің авторы В.Е.Кузовковпен интервьюді ұсынамыз.

 

И.В.Королеваның есту қабілеті бұзылған балалар арасындағы "Волшебная симфония" Халықаралық музыкалық фестивалінің финалына қатысушы баланың анасымен әңгімелесуі

 

И.В.Королеваның КИ орнатылған жасөспірім анасымен өткізген интервьюі және оның ата-аналар мен мамандарға берген кеңесі

 

Баламен дамыту жаттығуларын қашықтықта орындауға арналған оқу құралы

08 may kazto

Оқу құралын MED-EL компаниясының мамандары құрастырған. Орыс тіліне аударған психология ғ.д., профессор И.В.Королева

Оқу құралымен толықтай танысу үшін осы батырманы басыңыз

MED-EL компаниясының ресми блогы

 

2019 жылғы тәуліктік бақылау жағдайында есту-сөйлеу қабілетін оңалту жұмыстарының 4 маусымына арнайы шақыртылған ресейлік маман педагог-дефектолог Елена Валерьевна Краснослободцеваның "Фонетикалық ырғақтылық" тақырыбына арнап өткізген шеберлік сыныбының бейне жазбасын ұсынамыз.

 

Шеберлік сыныбында Елена Валерьевна қозғалыс және сөздің жалпы қағидалары, баланың сөйлеу қабілетін дамытудағы тыныс алу жаттығуларының пайдасы, тыныс алу аппаратын дамытуға бағытталған ұяң және қатаң дыбыстарды бөліп қарастыру туралы, дыбыстардың әр түрлі топтарының дұрыс қойылымын жасау әдістері, атап айтар болсақ ызың дыбыстар, шуыл дыбыстар, қатаң дыбыстар, жіңішке дыбыстар, үнді дыбыстар жайында әдістерімен бөлісті. Біздің Орталық мамандарына КИ орнатылған балалармен жұмыс жасауда қарқынды-ырғақты сөйлеу әдістерін тәжірибе жүзінде көрсетіп, тыныс аппаратын дамытуға бағытталған бірқатар жаттығуларды жасады.

Жұмыс дәптері: Дыбыс және Сөз әлеміне алғашқы қадам

Кішкентай баламен қарым-қатынастың және оны үйретудің 20 ережесі